БІРІНШІ КУРС СТУДЕНТТЕРІНІҢ АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ Халықаралық «ORDA» жоғары колледжінде "Педагогикалық және гуманитарлық мамандықтар" бөліміне қарасты бірінші курс студенттерінің ата-аналарымен кездесу өтті. Жиналыс барысында директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Абдибаттаева Г.М. алғы сөз сөйлеп, студенттердің сабаққа қатысуы мен колледждің ішкі тәртіп ережелері туралы ақпарат берді. Колледж инспекторы жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің негізгі баптары жөнінде түсіндірме жүргізді. Оқу бөлімінің меңгерушісі Фазылова Г.М. студенттердің сабаққа қатысуы мен бағалау критерийлерімен таныстырды. Жиналыс барысында колледждің ішкі тәртібі, оқу процесі және оқу ақысы мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, колледж психологы Асанова Д.Қ. студенттермен жүргізіліп жатқан психологиялық жұмыстар жайында айтып, ата-аналардың пікірлерін тыңдады. «Бірлескен жұмыс – бала болашағына берік негіз» тақырыбында өткен жиналыс ата-ана мен колледж арасындағы өзара серіктестіктің маңыздылығын айқындап, білім алушының жан-жақты дамуына ортақ жауапкершілікті күшейтті.
АТА-АНА, БАЛА ЖӘНЕ КОЛЛЕДЖ - ТАБЫСТЫ БОЛАШАҚТЫҢ ҮШ ТІРЕГІ 9 қазан күні Халықаралық «ORDA» жоғары колледжінде оқу-тәрбие процесін жетілдіру және білім сапасын арттыру мақсатында кезекті ата-аналар жиналысы өтті. Жиналысты директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нұрпейісов Б.А. ашып, студенттердің сабаққа қатысуы мен тәртіп ережелерінің сақталуы туралы баяндама жасап, жастардың жауапкершілігі мен оқу мотивациясын арттыру бағытындағы жұмыстарды атап өтті. Колледж инспекторы жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің негізгі баптары жөнінде түсіндірме берді. Бекенова А.Е., директордың кәсіптік оқыту жұмыстары жөніндегі орынбасары, «Бітіруші түлектердің болашағы: оқу мен еңбек нарығындағы мүмкіндіктер» тақырыбында баяндама жасап, кәсіби бағдар мен жұмысқа орналасу бойынша ұсыныстар білдірді. Сейтжанов А.С., халықаралық қатынастар жөніндегі орынбасар, «Халықаралық серіктестік – сапалы білім кепілі» тақырыбында сөйлеп, шетелдік оқу орындарымен әріптестіктің артықшылықтарын атап өтті. Психолог Асанова Д.Қ. студенттерге оқу мен өмірде қиындық туындаған жағдайда Психологиялық қолдау орталығына жүгінуге болатынын айтып, ата-аналарды балаларға эмоционалды қолдау көрсетуге шақырды. Сонымен қатар, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Рекрутинг бөлімі және Мансап орталығының әдіскері Арыстанбек Абай Русланұлы бітіруші түлектердің ата-аналарына кәсіби бағдар бойынша кеңес беріп, еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар туралы ақпарат ұсынды.
ЕРТЕ ЖҮКТІЛІКТІҢ АЛДЫН АЛУ ЖАСТАРДЫҢ БОЛАШАҒЫНА ҚАМҚОРЛЫҚ 24 қыркүйек күні Халықаралық «ORDA» жоғарғы колледжінде «Ерте жүктілікті болдырмау жолында жастарға бағыт-бағдар беру» тақырыбында әлеуметтік-психологиялық іс-шара өткізілді. Шараға №1 қалалық емхананың ВОП дәрігері Нұрлыбекова Айгерім Самалбекқызы мен психологы Ермаханова Манат Телгараевна, сондай-ақ колледж мейірбикесі С. Килибаева және педагог-психолог Д.К. Асанова қатысып, жастарға жан-жақты ақпарат берді. Дәрігер Айгерім Нұрлыбекова ерте жүктіліктің жас организмге тигізетін физиологиялық және психологиялық зияны жөнінде баяндап, жыныстық сауаттылықтың маңызы мен контрацепция әдістері туралы түсіндірді. Ол студенттерді репродуктивті денсаулықты сақтау, салауатты өмір салтын ұстану және жауапты шешім қабылдауға шақырды. Психолог Манат Ермаханова өз сөзінде ерте жүктіліктің жасөспірімнің психологиялық дамуына кері әсерін айта келе, күйзеліс, қоғам тарапынан болатын қысым және болашаққа деген сенімсіздік сезімдерінің жастарға ауыр психоэмоционалдық жүк түсіретінін атап өтті. Ол студенттерді өзін-өзі бағалауды арттыруға, сенімді болуға және қажет болған жағдайда кәсіби көмекке жүгінуге үндеді. Сонымен қатар, колледж мейірбикесі С. Килибаева жыныстық қатынастың салдары мен ерте жүктіліктің ағзаға тигізетін әсері туралы айтып, жүктіліктің алдын алу әдістері жөнінде нақты ақпарат берді. Ал колледж психологы Д.К. Асанова жастарды өз болашағына жауапкершілікпен қарауға, өмірлік маңызды шешімдер қабылдауда ойланып әрекет етуге, ішкі күйзеліс пен қысым жағдайында ата-ана, ұстаз немесе психологпен ашық сөйлесуге шақырды. Мамандар кеңесі жастардың ерте жүктіліктің салдары туралы түсінігін кеңейтіп қана қоймай, олардың өзін-өзі тану, құрметтеу, жауапкершілік пен жеке шекарасын сақтау дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді.
ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ Колледжімізде жазғы уақытта студенттердің өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың алдын алу, салауатты өмір салтын сақтау және түрлі төтенше жағдайлардан сақтандыру мақсатында түсіндірме жұмысы жүргізілді. Колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Аблибаттаева Гүлнар Мәуленқызы жазғы демалыс кезеңінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажеттігін атап өтті. Ол суға шомылу кезіндегі қауіпсіздік, жолда жүру ережелері, түнгі уақытта қоғамдық тәртіпті сақтау секілді маңызды жайттарға тоқталды. Қызылорда қалалық полиция басқармасы ЖПҚб ЮПб-нің 3 әкімшілік учаскелік полиция инспекторы, полиция лейтенанты Шахидинов Жандос Пірәліұлы құқықтық сауаттылық, кәмелетке толмағандардың жауапкершілігі, тыйым салынған заттардан аулақ болу және құқық бұзушылықтың салдары туралы нақты әрі түсінікті түрде ақпарат берді. Ол жастарды заңды құрметтеуге, өз әрекеттеріне жауапкершілікпен қарауға шақырды. Колледж психологы Асанова Дина Қазбайқызы түрлі қысым, буллинг, зорлық-зомбылық және басқа да психоэмоциялық күйзеліс жағдайларында көмек сұраудың маңызын атап өтті. Ол студенттерге сенім телефондарының тәулік бойы жұмыс істейтінін және қандай да бір қиындық туындаса, жалғыз қалмай, міндетті түрде көмекке жүгіну қажеттігін жеткізді. Студенттеріміз өз өмірлеріне, қауіпсіздіктеріне жауапкершілікпен қарап, салауатты әрі саналы демалыс өткізеді деп сенеміз.
15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне орай “ORDA” жоғары колледжінде колледж психологы Д.Асанованың ұйымдастыруымен студенттерге арналған “Жан жылуы - отбасында” тақырыбында психологиялық тренинг өткізілді.
Тренинг отбасы құндылықтарын дәріптеу, жасөспірімдердің ата-анаға, жақындарына деген қарым-қатынасын нығайту, сүйіспеншілік, сенім, түсіністік сияқты маңызды адамгершілік қасиеттерді дамыту мақсатында жүргізілді.
Тренинг барысында студенттер түрлі жаттығулар мен психологиялық тапсырмалар арқылы отбасының әр мүшесінің рөлі, маңыздылығы және қарым-қатынастағы үйлесімділіктің маңызы жайлы ой бөлісті. Пікір алмасу, жағдайлық тапсырмалар мен топтық ойындар арқылы қатысушылар өз эмоцияларын еркін білдіруге, бір-бірін тыңдауға және өз отбасына деген көзқарасын жаңаша бағалауға мүмкіндік алды. Іс-шара соңында студенттер отбасының адам өміріндегі орны туралы өз әсерлерімен бөлісіп, бір-біріне жылы лебіздерін арнады.
«СЕН ЕРЕКШЕСІҢ” АТТЫ СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТТІ
28 сәуір күні колледж студенттері арасында ерте жүктіліктің, суицидтің алдын алу және жастардың репродуктивті денсаулығын нығайту мақсатында “Сен ерекшесің” атты семинар-тренинг ұйымдастырылды.
Семинар-тренингке арнайы келген қонақтар:
Мазқожа Гүлназ Рысбекқызы – Облыстық жастар денсаулығы орталығының маманы,
Төремұрат Нұрай Төремұратқызы – Облыстық жастар ресурстық орталығының маманы,
Тулеубай Аяжан Алтынбекқызы – Облыстық психикалық денсаулық орталығының педагог-психологы студенттермен ашық әңгіме өткізіп, өмірлік маңызды тақырыптар бойынша құнды кеңестер мен тәжірибелерімен бөлісті. Әсіресе, денсаулықты сақтау, қиын сәтте қолдау іздеу, өзін-өзі бағалау туралы айтылған сөздер жастардың жүрегіне жетті.
Мамандар студенттерге ерте жүктіліктің медициналық және психологиялық салдары, суицидтік мінез-құлықтың алдын алу механизмдері, репродуктивті денсаулықты сақтау қағидаттары туралы ғылыми негізделген ақпарат ұсынды. Өткізілген іс-шара студенттердің өз денсаулықтарына саналы түрде жауапкершілікпен қарау қажеттігін түсінулеріне мүмкіндік берді.
«БАЛАЛЫҚ ШАҚҚА САЯХАТ» АТТЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТРЕНИНГ ӨТТІ
Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында ЕТ-9-14г және НО-9-21г топтарында колледж психологтарының ұйымдастыруымен психологиялық тренинг өткізілді. «БАЛАЛЫҚ ШАҚҚА САЯХАТ» деп аталған бұл тренинг студенттердің өз-өздеріне бір сәт үңіліп, балалық шақтарымен байланыс орнатуға мүмкіндік берген ерекше сәт болды.
Тренинг барысында түрлі жаттығулар мен визуализациялар арқылы студенттер балалық естеліктерін еске түсіріп, ішкі әлемімен жұмыс жасады. Ашық пікір алмасу, шынайы орта мен бір-біріне деген қолдау тренингтің әсерлі әрі нәтижелі өтуіне ықпал етті.
Қатысушылар шара соңында «Бұл тренинг мені өзіме бір қадам жақындатты», «Балалық шағыммен қайта қауышу – өте ерекше, жылы сезім болды» деп ойларымен бөлісті.
Тренинг студенттерге тек естеліктермен жұмыс істеу ғана емес, сонымен бірге эмоцияны түсініп, қабылдауға, ішкі тыныштыққа бір табан жақындауға мүмкіндік берді.
ҚЫЗ ТӘРБИЕСЕ - ҰЛТ БОЛАШАҒЫ
АҚ-9-13Г және ЕТ-9-34Г оқу топтарының тәлімгері Ербаева Жаңылшаның ұйымдастыруымен студент қыздарға арналған маңызды тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағатына колледждің педагог-психологы Д.Қ.Асанова арнайы қатысып, қыз баланың жеке бас тазалығы, гигиенасы, өзін-өзі ұстауы, ата-ананың жауапкершілігі, ар-ұят ұғымдары және ерте жүктіліктің алдын алу туралы жан-жақты түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Тәрбие сағатында “Қызға қырық үйден тыйым” деген халық даналығының мән-мағынасы кеңінен талқыланып, жүктілікке әкелетін жағдайлардан сақтану, саналы түрде жауапкершілік алу қажеттілігі айтылды. Студенттер тақырып бойынша өз ойларымен бөлісіп, ерте жүктіліктің ана мен бала өміріне тигізетін кері әсерлері жайлы пікір алмасты.
Шара соңында қыздар: “Сезімге ерік бермей, өзгенің жылы сөзіне алданбай, білім арқылы өз болашағымызды құрамыз. Болашақ – білімді жастардың қолында!” – деген түйін жасады. Бұл сөздер тәлімгер мен психолог маманды ерекше қуантты.
Осындай маңызды тақырыптар талқыланған тәрбиелік шаралар студенттердің саналы өмірлік ұстаным қалыптастыруына зор ықпал етеді.
"МОТИВ ТIME” ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ
“Мотив Time” жобасы аясында «Салауатты өмір қалыптастыру: Жан, Тән, Рух тазалығы» тақырыбында ерекше мазмұнды тренинг өткізілді. Бұл шара салауатты өмір салтын насихаттап, жан, тән және рух тазалығының үйлесімділігі арқылы адамдардың психологиялық және рухани дамуын қолдауға бағытталды.
Тренингке Қазақстанның үздік мамандары қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті. Қонақ ретінде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қызылорда облысы бойынша филиалының доценті, психология ғылымдарының кандидаты, «AMANAT» партиясы жанындағы Әйелдер қанатының «Қоғамның әл-ауқатын қолдау мақсатында психологиялық қызмет институтын дамытуға жәрдемдесу» бағытының тең төрайымы Аяғанова Алмагүл Жанділдақызы келіп, психологиялық тұрақтылықтың және рухани тазалықтың маңыздылығы туралы ой қозғады. Сондай-ақ Шымкент қаласынан философия докторы (PhD), тәжірибелі психолог, Еуропалық гештальт терапия қауымдастығының (EAGT) сертификатталған гештальт терапевті, Мәскеу Гештальт және Психодрама Институтының ассистент-тренері, Қазақстан Психологтар Одағы төрайымының орынбасары, “INSAN” практикалық психологиялық орталығының жетекшісі Асанова Салтанат Сайлауқызы ішкі жан дүниемен жұмыс істеудің және өзін-өзі танудың маңыздылығы туралы құнды кеңестерімен бөлісті. Алматы қаласының “Салауатты өмір” бағдарламасының тренері, отбасылық кеңесші Ильясова Күлмес Баймұратқызы да шараға қатысып, дене саулығы мен дұрыс өмір салтының рухани және физикалық денсаулыққа әсерін жан-жақты түсіндірді.
Тренинг барысында қатысушылар жан, тән және рух тазалығының үйлесімділігін сақтау жолдары туралы құнды ақпарат алды, өзін-өзі дамытуға арналған практикалық жаттығулар жасап, сұрақтарына кәсіби мамандардан нақты жауаптар алды. Қатысушылар шарадан ерекше әсер алып, өмір салтына жаңа көзқарас қалыптастырудың қажеттілігін түсінді.
Ұйымдастырушылар - колледж психологы
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТРЕНИНГ: ОТБАСЫНДАҒЫ АТА-АНАНЫҢ ЖӘНЕ БАЛАНЫҢ РӨЛІ
АК-12г және АК-13г оқу топтарында колледж психологы Асанова Дина Қазбайқызы ұйымдастыруымен психологиялық тренинг өткізілді.
Тренингтің мақсаты:
Отбасындағы ата-ана мен баланың рөлін түсіндіріп, олардың арасындағы қарым-қатынасты нығайту;
Тұлғааралық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру;
Бала мен ата-ана арасындағы сенімді байланыс орнатып, жанұялық құндылықтарды дәріптеу.
Тренинг барысында студенттер топтық жаттығуларға қатысып, отбасы мүшелері арасындағы рөлдік қатынастарды талқылады. Шарада қарым-қатынас мәселелерін шешуге бағытталған ойындар мен жаттығулар жүргізіліп, өмірлік мысалдар талқыланды. Тренингке қатысқан директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Абдибаттаева Гүлнар Мауленқызы шараның отбасылық құндылықтарды нығайтуға, студенттердің өзін-өзі тануына және тұлғалық дамуына үлкен ықпал еткенін атап өтті.
“ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ – ӨМІР ТІРЕГІ” ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ
8 желтоқсан күні ББ-9-11, ТӨ-9-14г, ТӨ-9-34г, ББ-9-14г оқу топтарының қатысуымен “ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ – ӨМІР ТІРЕГІ” тақырыбында мазмұнды дөңгелек үстел өтті.
Шараға ҚР Психологиялық ассоциациясының мүшесі, психолог-тренер және коуч Аймаханова Назира Кенжебекқызы, «ORDA» жоғары колледжі директорының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Абдибаттаева Гүлнар Мәуленқызы, сондай-ақ колледж психологы Асанова Дина Қазыбайқызы қатысты.
Дөңгелек үстел барысында студент қыздар отбасы құндылықтары туралы өз ойларымен бөлісіп, өмірде кездесетін түрлі мәселелерді талқылады. Ашық әрі еркін атмосферада сырласу жүріп, студенттер мамандарға көкейде жүрген сұрақтарын қойып, психологиялық тұрғыдан кәсіби кеңес алды.
Аймаханова Назира Кенжебекқызының жетекшілігімен өткен талқылау қатысушылар үшін ерекше пайдалы болды. Ол отбасының қоғамдағы орны мен рөлін түсіндіріп, күнделікті өмірде туындайтын қиындықтарды қалай жеңуге болатыны жайлы құнды кеңестерімен бөлісті.
Шара соңында Назира Кенжебекқызы белсенділік танытып, өз ойын еркін әрі терең жеткізе білген үш студентке арнайы сыйлық ретінде жеке қабылдауына арналған сертификаттар табыстады. Бұл студенттер үшін үлкен мотивация әрі психологиялық тұрғыдан дамуға мүмкіндік болып табылады.
Дөңгелек үстел қатысушылардың көңілінен шығып, оларға үлкен әсер қалдырды. Мұндай шаралар жастардың өмірлік құндылықтарын айқындап, болашаққа сенімді қадам басуына ықпал етеді.
Ұйымдастырушы: ББ-9-11 оқу тобының жетекшісі Фазылова Г.М.
ЖИТС: АЛДЫН АЛУ МАҢЫЗДЫ
1 желтоқсан - Дүниежүзілік СПИД-ке қарсы күніне орай БҚ-9-12г оқу тобында ЖИТС орталығының мамандарымен бірлесіп тәрбие сағаты өткізілді. Іс-шарада АИТВ және ЖИТС туралы маңызды ақпарат беріліп, аурудың бастамасы АИТВ жұқтырғышы екендігі және оның алғашқы белгілері байқалмайтындығы түсіндірілді. Сондықтан уақытылы тексерілу қажеттілігі ерекше атап өтілді.
Кездесу барысында мамандар ЖИТС-тің жұғу жолдарына (қан арқылы, жыныстық жолмен, анадан балаға) және алдын алу шараларына тоқталды.
Шарада ЖИТС орталығының маманы Смағұлова Нұргүл Бақытбекқызы мен колледж психологы Д. Асанова студенттерге ЖИТС-тің адам өміріне тигізетін әсері мен сақтану жолдары туралы жан-жақты түсіндірді.
Бұл тәрбие сағаты жастарды денсаулыққа жауапкершілікпен қарауға және қауіпті аурулардан сақтануға бағыттады.
Топ жетекшісі - П.Омарова
“ЕСІРТКІГЕ ЖОЛ ЖОҚ” ТАҚЫРЫБЫНДА ТӘРБИЕ САҒАТЫ ӨТТІ
2 желтоқсан күні ШТ-9-11 тобында “ЕСІРТКІГЕ ЖОЛ ЖОҚ” тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттер арасында салауатты өмір салтын насихаттау және есірткі заттарының зияны туралы ақпарат беру.
Топ жетекшісі Д. Романкулова жастарға есірткінің адам денсаулығына, психологиясына және жалпы өміріне тигізетін зияны туралы кеңінен баяндады. Сонымен қатар, студенттер зиянды әдеттердің алдын алу жолдары мен есірткіден аулақ болу тәсілдерін талқылады. Өз ойларын суретке бейнелеу арқылы жеткізді.
Кездесуге арнайы шақырылған колледж психологы Д. Асанова студенттерге есірткінің психологиялық салдарын түсіндіріп, оның жеке тұлға мен қоршаған ортаға тигізетін зиянына тоқталды. Ол жастармен интерактивті форматта жұмыс жасап, олардың сұрақтарына жауап беріп, нақты мысалдар келтіре отырып, есірткіге тәуелділіктің алдын алу жолдарын көрсетті.
“ЕСІРТКІГЕ ЖОЛ ЖОҚ” тәрізді тәрбие сағаттары жастардың қоғамдағы рөлін айқындап, дұрыс өмір салтын таңдауға көмектеседі. Мұндай тәрбие сағаттары алдағы уақытта да жалғасын тауып, студенттерді зиянды әдеттерден қорғауға септігін тигізеді.
І КУРС СТУДЕНТТЕРІНІҢ АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ
28 қараша күні “Ақпараттық технология” бірлестігіне қарасты 1-курс студенттерінің ата-аналарымен жиналыс ұйымдастырылды.
Жиналысты бірлестік жетекшісі Л.Ж. Елимбетова ашып, ата-аналарды оқу үдерісімен таныстырып, оқу, ішкі, сяртқы тәртіпке қатысты түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Г.М. Абдибаттаева жастар арасында синтетикалық есірткілердің таралуының алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау, жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықты болдырмау және ұйымдасқан қылмыстарға қарсы күрес бойынша Қызылорда облыстық білім басқармасы мен Прокуратураның №2-10-24-09442 хатына сәйкес бірлескен шаралар жайында баяндады.
Колледж психологы Д.Асанова ата-аналармен тренинг өткізіп, өзекті мәселелерді талқылады.
Жиналыс соңында ата-аналар өз сұрақтарын қойып, нақты жауап алды. Осындай маңызды кездесулер ата-аналар мен білім ордасының тығыз қарым-қатынасын нығайтуға септігін тигізеді.
МОТИВ TIME – ЖАСТАРДЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ!
Колледжімізде ерекше бір шабытқа толы жоба бастау алды! Аты айтып тұрғандай, “МОТИВ TIME” жобасы әрбір студенттің өміріне жаңа серпін беріп, өз мақсатына нық сеніммен қадам басуына жол ашады.
МОТИВ TIME – жай ғана жоба емес, бұл:
Өмірлік құндылықтарды қайта қарап, жаңаша көзқарас қалыптастыру алаңы. Өзіңді тану, өз мүмкіндіктеріңді ашу және болашаққа сенімді жоспар құру мүмкіндігі. Ішкі мотивацияны оятып, үлкен жетістіктерге жетелейтін нағыз шабыт көзі.
Жобаның алғашқы шарасы сәтті өтті! Оны колледжіміздің директоры Г.Досжанова мен тәжірибелі психосоматолог-практик маман В. Сауяева жүргізді. Кездесуде студенттер саналы өмір сүрудің құпияларымен бөлісіп, өздеріне жаңа мотивация алды.
Бұл тек бастамасы! Алдағы уақытта “МОТИВ TIME” жастықтың қуаты мен шабытын оятатын маңызды шаралар мен кездесулермен жалғасады. Бізбен бірге бол, дамуға қадам жаса, өз болашағыңды құр!
ӨЗ УАҚЫТЫҢДЫ ЖІБЕРІП АЛМА – БҰЛ СЕНІҢ МҮМКІНДІГІҢ!
Ұйымдастырушылар - колледж психологтары
АК-9-54г тобының студенттері арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, бопсалау және әлімжеттік іс-әрекеттерге жол бермеу мақсатында арнайы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Бұл тәрбие сағатына Қызылорда қалалық полиция басқармасының жергілікті полиция қызметі бөлімінің аға учаскелік инспекторы А.Мамбеталиев, колледж психологы Д.Асанова және құқықтану пәнінің оқытушысы М.Кемелбеков қатысты. Шара барысында студенттерге құқық бұзушылық әрекеттердің салдары мен олардан қалай сақтану керектігі жан-жақты түсіндірілді.
Тәрбие сағаты барысында құқық бұзушылықтың алдын алу тақырыбында арнайы бейнероликтер көрсетіліп, ішкі тәртіп ережелері туралы толық ақпарат берілді. Мамандар студенттерге құқықтық сауаттылықтың маңыздылығын түсіндіріп, олардың болашақта құқық бұзушылықтарға қарсы тұруға дайын болуын қамтамасыз етуге бағытталған ұсыныстарын айтты.
Топ жетекшісі Садықова Айгерім тәрбие сағатының маңыздылығын атап өтіп, студенттерге ішкі тәртіп ережелерін қатаң сақтау керектігін ескертті.
Колледж психологы Д.Асанованың жүргізуімен «Мен және менің ортам» тақырыбындағы психологиялық тренинг «Техникалық мамандықтар» бөлімінде жалғасын тапты. Тренингтің мақсаты – студенттердің өзін-өзі тануы, қоршаған ортамен үйлесімді қарым-қатынас орнатуы және әлеуметтік дағдыларын дамытуға бағытталды.
Шара барысында студенттер өздерінің ішкі жан дүниелерін ашуға, өз ортасындағы адамдармен қарым-қатынасын талдауға мүмкіндік алды. Тренингте қолданылған психологиялық жаттығулар қатысушылардың сенімділігін арттырып, бір-біріне қолдау көрсетудің маңыздылығын түсінуге көмектесті. Студенттер өзара пікір алмасып, жағымды эмоциялармен бөлісіп, топтық жұмысқа белсене қатысты.
Тренинг соңында қатысушылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, тренингтің пайдалы болғанын атап өтті. «Мен және менің ортам» сияқты психологиялық шаралар студенттердің жеке тұлға ретінде дамуына және өмірлік дағдыларын нығайтуға зор ықпал етеді.
Жатақхана жастарының тәрбиесі – маңызды және күрделі процесс. Ол жасөспірімдердің және жас студенттердің жеке тұлға ретінде қалыптасуына әсер етеді. Жатақханаларда жастар әртүрлі әлеуметтік ортадан келетіндіктен, оларды ортақ тәрбие беру бағдарламалары арқылы бағыттау маңызды.
16 қыркүйек күні жатақхана жастарымен жалпы жиналыс болып өтті. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары А.Сейтжанов және Г.Абдибаттаева
жатақхананың ішкі тәрбіне тоқталып, оны қатаң сақтауды ескертті. Сонымен қатар жасөспірімдер арасында кездесетін буллинг, кибербуллинг, есірткі, вейп темекіден аулақ болу, суық қару ұстап жүрудің зиянын түсіндіріп, өзара сыйластық пен салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.
“Тәрбиелі - тәртіптің құлы” дегенді алға тартқан Қызылорда ҚПБ ЖПҚб ЮПб аға УПИ ры полиция майоры Н.Осипов жастардың құқық бұзушылыққа жол бермеулерін атап өтті.
Білім алушылардың психологиялық денсаулығы, жолдастарымен дұрыс қарым-қатынас орната алудың маңызын әңгіме еткен колледж психологы студенттерге психологиялық көмек қажет болғанда маман көмегіне жүгінуді ұсынды.
Жатақханада тұратын жастардың тәрбиесіне баса назар аудару – олардың болашақта саналы, жауапты және қоғамға пайдалы азамат болып қалыптасуына ықпал етеді. Сондықтан да жатақханамен байланыс үздіксіз жүргізіле береді.
“ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ МАМАНДЫҚТАР” БӨЛІМІНІҢ АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ
13 қыркүйек күні “Педагогикалық және гуманитарлық мамандықтар” бөлімінде кезекті ата-аналар жиналысы өткізілді.
1-курс студенттерінің ата-аналарын қамтыған жиналыстың күн тәртібінде колледждің ішкі тәртібі ережесі, оқу процесі, оқу ақысы мәселесі қарастырылды. Сонымен қатар колледж психологы студенттермен жүргізілетін психологиялық жұмыстарға тоқталып, оған қатысты ата-аналар пікірімен танысты.
Жиналысқа қатысушы ата-аналар сұрақтарына директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Сейтжанов пен бөлім меңгерушісі А.Алибаева жауап беріп, қажетті ақпараттармен ақпараттандырды.
“ТЕХНИКАЛЫҚ МАМАНДЫҚТАР” бөлімі бойынша ата-аналар жиналысы өтті.
Жаңа оқу жылындағы ата-аналар жиналысы “Техникалық мамандықтар” бөлімінен бастау алды. Жиналысқа 1-курс студенттерінің ата-аналары қатысты.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Сейтжанов ата-аналарға колледждің ішкі тәртібін таныстырып, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу шараларына тоқталды.
Бөлім меңгерушісі З.Сыздықбаева топ тәлімгерлерін таныстырды және олардың міндеттемелеріне тоқталды. Әр топ бойынша ата-аналар комитетінің жетекшісін сайланды.
Колледж психологы Д.Асанова жасөспірімдер психологиясының ерекшелігін атап өтіп, олармен жүргізілетін жұмыс түрлерімен ата-аналарды хабардар етті.
Жиналыс соңы ата-аналар сұрақтарына жауап берумен қорытындыланды.