• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527

Жетістіктер

Халықаралық “ORDA” жоғары колледжі білім беруді әлемдік стандарттық деңгейге көтеру, бәсекеге қабілетті жаңа буын қалыптастыру, білім беру қызметі нарығынан орын алу, жетекші отандық және шетелдік білім беру мекемелерімен тең дәрежеде қарым-қатынас орнату мақсатында Германия, Корея, Түркия, Қырғызстан мемлекеттерінің оқу орындарымен ынтымақтастақ қарым-қатынас орнатты.

Соңғы жылдардағы   ІТ саласы бойынша  талапкерлердің санының артуына орай озық тәжірибемен алмасу мақсатында SES (Senior Experten Service) консалтинг компаниясы арқылы  Германия, Швейцария елдерінен арнайы эксперттер шақыртылды.

Оқытушылар қайта даярланып, біліктілігін  арттырды, Оқытушыларға сертификаттар табысталды.

Швейцариядан келген ІТ маманы Уолтер Шмуц «Ақпараттық қауіпсіздік», «Бағдарламалық қамтамасыз ету» бейіндері бойынша дәріс берді.

Халықаралық “ORDA” жоғары колледжі академиялық ұтқырлық бағытында Қырғызстан Республикасы, Қырғызстан халықаралық универсалды колледжімен, ИСИТО колледжімен, Ж.Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық университетімен, Халықаралық ІТ және бизнес колледжімен, Қырғыз-Корей колледжімен, Бішкек қаласындағы Т.Эрматов атындағы музыкалық-педагогикалық институтымен, Қырғыз Комтехно колледжімен меморандумдарға қол қойды.

          Қырғыз елімен болған әріптестік арқасында үш оқытушы тағылымдамадан, үш студент Қырғыз елінің Қырғыз Комтехно колледжінде оқу-өндірістік тәжірибеден өтті.

           Қырғызстан Республикасындағы Қырғыз-Корей колледжінің студенттердің іс-тәжірибеден  өтуі және ІТ мамандығының оқытушыларының біліктілігін көтеруге  Халықаралық “ORDA” жоғары колледжіне келуі қолға алынды.

          Бішкек қаласындағы Т. Эрматов атындағы музыкалық-педагогикалық институтының колледжімен «Бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша бірлескен бағдарлама жасалып, қазіргі таңда реестрге енгізілді.  2025-2026 оқу жылының  ақпан айында Халықаралық “ORDA” жоғары колледжі педагогикалық мамандықтардың 2 оқытушысы және 10 студенті Бішкек қаласындағы Т.Эрматов атындағы музыкалық-педагогикалық институтының колледжінде тағылымдама мен іс-тәжірибеден өтті. Сондай-ақ Т.Эрматов атындағы музыкалық-педагогикалық институтының колледжінің педагогикалық мамандықтарының 4  оқытушысы мен 6 студенті академиялық мобильділік бойынша  Халықаралық “ORDA” жоғары колледжінде тағылымдамадан өтті.

      2025 жылдың 17 сәуірінде колледжде өткізілген «ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ – КОЛЛЕДЖ КЕҢІСТІГІНДЕ» тақырыбындағы халықаралық семинар барысында  Халықаралық “ORDA” жоғары колледжі Түркия мемлекетінің Сельчук университетімен әріптестік келісім орнатты.

           Осы әріптестік келісім аясында 2025 жылдың мамыр айында Түркияның Конья қаласындағы SELҪUK  ÜNİVERSİTESİ -де  үш оқытушы тәжірибеден өтті.

        Түрік еліне барған іс-сапарда  Халықаралық “ORDA” жоғары колледжі  Eskişehir қаласындағы ӦZEL ESKİŞEHİR OSB MESLEKİ VE TEKNİK  ANADOLI  LİSESİ-мен меморандумға қол қойды. Меморандумда қос елдің оқу орындары арасында  оқытушылар мен студенттердің алмасу, бірлесіп ғылыми зерттеулер жүргізу, халықаралық конференциялар мен семинарлар өткізу, симпозиумдарға қатысу, е-платформада оқытуды дамыту мәселелері қарастырылды. Оқу орнының материалдық-техникалық базасымен танысып, білім беру.

             Қазіргі таңда колледжде Халықаралық «ORDA» жоғары колледжінің оқытушысы, түрік тілі және әдебиеті магистрі Сейтжанов Әлайдар Сануарұлы, түрік тілі және әдебиеті  пәнінің оқытушысы  ӦMER ÇAKRAZ және «OSMANGAZI» университетінің түрік тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы  METIN ERDOĞAN түрік тілі курсын оқытуда.

          Сельчук университеті, Сарайону кәсіптік колледжінің директоры MUHAMMED KAMIL ӦDEN Халықаралық “ORDA” жоғары колледжінің «Білім және инновация» оқу-әдістемелік, педагогикалық журналын  бірігіп шығарып, халықаралық ғылыми баспаға айналдыруды ұсынды.

         2025 жылдың 16-21 маусымы аралығында   техникалық және кәсіптік білім беру саласында халықаралық серіктестікті дамыту және тәжірибе алмасу мақсатында колледж Корея Республикасының ұйымдарымен және Қазақстан  білім беру мекемелерімен тікелей байланыс орнатты. 

           Халықаралық “ORDA” жоғары колледжі  мен Корея Республикасының   KARIS (Korea TVET University and College Association for Recruiting International Students) қауымдастығы арасында «Global Sapa» Халықаралық академиясының үйлестірушілік қатысуымен үшжақты ынтымақтастық моделін іске қосу бойынша меморандумға қол қойды.

Бұл серіктестік бойынша келесі бағыттар айқындалды:

− бірлескен оқу бағдарламалары,

-қос диплом бағдарламалары;

− студенттер мен оқытушылардың академиялық мобильдігі;

− оқу және өндірістік тағылымдамалар;

− қысқа мерзімді курстар мен жазғы мектептер;

− техникалық-қолданбалы пәндер бойынша педагогтердің біліктілігін арттыру.

         2025 жылғы Халықаралық “ORDA” жоғары колледжімен Корея Республикасының Бэксок университеті арасында өзара  ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Сондай-ақ, 18-24 тамыз аралығында екі оқытушы Бэксок Университетінде Ақпараттық –коммуникациялық факультетінде білімін толықтырды.

         23.10.2025 жылы Халықаралық Орда жоғары колледжі  мен SEOJONG UNIVERSITY арасында өзара  ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

        SEOJONG UNIVERSITY колледжімен жасалған меморандум аясында  желтоқсан айының 09-25 аралығында колледж студенттері Жарқын Әсет, Бисембай Нұрхан, Жүрсін Ермұхаммед, Әбжаппар Бақдәулет академиялық мобильділік бойынша тәжірибе алмасты.

Шетелдік оқу орындармен екі жақты меморандумның аясында

-  студенттеріміз «1+1», 2+1, 3+1 моделі бойынша бірлескен білім беру бағдарламасы негізінде  Халықаралық “ORDA” жоғары колледжінде оқумен қатар Оңтүстік Кореяның колледжінде оқиды;

-серіктес колледждердің жетекші оқытушыларының прогрессивті білімдерін игере алады;

- тереңдетілген корей, ағылшын тілдерін меңгереді;

- қос дипломды білім беру бағдарламасы бойынша оқуды сәтті аяқтаған студенттерге қазақстандық және   шетелдік диплом (Халықаралық «ORDA» жоғары колледжі   + серіктес  колледж) беріледі;

-  колледж студенттеріне шетелдік ЖОО-да әрі қарай жалғастырып, білім алуына мүмкіндік береді;

- дипломды маман атанғаннан  кейін жұмыс перспективалары қарастырылады.

            Халықаралық “ORDA” жоғары колледжі ІТ саласы бойынша Оңтүстік Кореяның ABEEK (Accreditation Board for Engineering Education of Korea) аккредитация агенттігі арқылы  халықаралық салалық аккредиттеуден сәтті өтті.

     «ABEEK»  халықаралық стандарттар негізінде жұмыс істейді. Білім беру бағдарламалары мен түлектердің біліктілігінің халықаралық деңгейде өзара мойындалуын қамтамасыз етеді.

Бағалау қорытындысы бойынша ІТ саласының «Ақпараттық қауіпсіздік», «Бағдарламалық қамтамасыз ету», «Есептеу техникасы және ақпараттық технологиялар» мамандықтары бойынша Оңтүстік Кореяның ABEEK (Accreditation Board for Engineering Education of Korea) аккредитация агенттігі арқылы  халықаралық салалық аккредиттеуден сәтті өтті. Азия, Еуропа, Жапония, Корея, Солтүстік Америка және Австралия елдерін қоса алғанда, әлемнің            23 елінде танылады және жұмысқа шақырту алады.

         27 мамыр - 4 маусымда Ақтауда халықаралық чемпионат «DOSTI Skills Aktau-2025»-ке Ресей, Өзбекстан, Қытай, Сауд Арабиясы және Австриядан 31 шетелдік маман және 120-дан астам қатысушы қатысты. «Электроника» бағыты бойынша   Халықаралық Жоғары Колледж «ORDA» студенті Жарқын Әсет   3 орынға ие болды.

        2024 жылғы ұлттық чемпионат «DOSTI SKILLS Almaty-2024» колледж студенттері «Электроника», «Мобильді робототехника» және «Прототиптеу» бойынша ұлттық деңгейде жарысты.

Турнирге бірнеше елдің халықаралық сарапшылары қатысты:

* Франческо Нанфара - Studica Robotics компаниясының басшысы (Канада);

* Джеймс Тейлор - техникалық сарапшы, Studica Robotics – (Қытай);

* Хуанг Синг - WorldSkills халықаралық сарапшысы (Қытай);

* Бо Цао - «Электроника» бөлімінің мүшесі (Қытай);

* Эрхард Лист - WorldSkills халықаралық сарапшысы (Австрия)

            Колледж студенттері А. Ертай және И. Абдугани «Үздік медаль» марапатын алды.

Астанада өткен VIII Республикалық кәсіби чемпионат «WorldSkills Kazakhstan-2023» чемпионатында «Желі және жүйелік әкімшілендіру» компетенциясы бойынша А. Көшеков «Үздік маман» атағына ие болды.

         «WORLDSKILLS ҚАЗАҚСТАН-2024» ұлттық чемпионатында «Мобильді робототехника» бойынша Ертай Абылайхан мен Абдугани Исмоил «Үздік маман» атағын жеңіп алды.

          Ұлттық чемпионатта «WORLD SKILLS-2025» Халықаралық жоғары колледжі «ОРДА» «Электроника» компетенциясы бойынша 3 орынға ие болды. А. Жарқын, «Желілік әкімшілендіру» компетенциясы бойынша медаль иегері Н. Бисембай, «Тас қалаушылар» компетенциясы бойынша А. Серікбай медальон иегері атанды.

        2026 жылғы Көкшетау қаласында өткен Сауд Арабиясы, Әзірбайжан, Жапония, Австрия мемлекеттерінің қатысуымен болған халықаралық чемпионатта «DOSTI SKILLS-2026» колледж студенттері «Электроника» құзыреттілігі бойынша Жарқын Ә. «Үздік маман» медальоны иегері болса, «Мобильді робототехника» құзыреттілігі бойынша Біржан А., Төребеков Ә. «Үздік маман» медальоны иегері атанды.

       Колледждің «Тігін өндірісі» мамандығы «Модкльер-конструктор» біліктілігі бойынша 4-курс студенті Жолдасқызы Нұрбақыт «Turan Fashion Week» халықарылқ сән көрсетліміне қатысып, өз туындыларын көпшілік назарына ұсынды. Сондай-ақ, “Ақпараттық қауіпсіздік”, “ Бағдарламалық қамтамасыз ету”, “ Есептеу техникасы және ақпараттық технологиялар”, “ Робототехника және кірістірілген жүйелер”, “ Жасанды интеллект” бойынша қолданбалы бакалавр лицензиясына ие болды.

 

2.jpg 3.jpg 7.jpg

1.jpg 4.jpg 5.jpg

6.jpg

 

14.png.    15.png

12.png  13.png