Сертификаттар
Қазіргі цифрлық қоғамда ақпараттық технологиялар саласы қарқынды дамып келеді. Осыған байланысты колледждегі ІТ оқытушылардың кәсіби біліктілігін үздіксіз арттыру – сапалы білім берудің негізгі шарттарының бірі. Заманауи бағдарламалау тілдері, жасанды интеллект, киберқауіпсіздік, бұлтты технологиялар және деректерді талдау сияқты жаңа бағыттарды меңгеру оқытушылардың кәсіби деңгейін көтеріп, студенттерге өзекті білім беруге мүмкіндік береді.
Біліктілікті арттыру әртүрлі тәсілдер арқылы жүзеге асырылады. Оларға біліктілік арттыру курстары, семинарлар, вебинарлар, ғылыми-практикалық конференциялар, халықаралық сертификаттау бағдарламалары және өндірістік тағылымдамалар жатады. Сонымен қатар, оқытушылар тәжірибе алмасып, жаңа цифрлық білім беру платформалары мен интерактивті оқыту әдістерін тиімді қолдануды үйренеді.
ІТ оқытушысының кәсіби дамуы студенттердің білім сапасына тікелей әсер етеді. Заманауи технологияларды меңгерген педагог сабақтарды қызықты әрі тиімді ұйымдастырып, білім алушылардың шығармашылық және практикалық дағдыларын дамытуға ықпал етеді. Нәтижесінде колледж түлектері еңбек нарығында сұранысқа ие, бәсекеге қабілетті маман болып қалыптасады.








Соңғы жылдардағы ІТ саласы бойынша талапкерлердің санының артуына орай озық тәжірибемен алмасу мақсатында SES (Senior Experten Service) консалтинг компаниясы арқылы Германия, Швейцария елдерінен арнайы эксперттер шақыртылды.
Оқытушылар қайта даярланып, біліктілігін арттырды, Оқытушыларға сертификаттар табысталды.
Швейцариядан келген ІТ маманы Уолтер Шмуц «Ақпараттық қауіпсіздік», «Бағдарламалық қамтамасыз ету» бейіндері бойынша дәріс берді.


