• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 22.10.2026
  • 12

25 ҚАЗАН - РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ КІТАП КӨРМЕСІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

25 қазан - Республика күніне орай Халықаралық «ORDA» жоғары колледжі мен №12 қалалық орталықтандырылған кітапхананың бірлесуімен тақырыптық кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Іс-шараға №12 қалалық орталықтандырылған кітапхананың мамандары Жоланова Жаныл мен Асқарова Назерке қатысып, білім алушыларға көрмеге қойылған кітаптардың мазмұны мен маңызын таныстырды. Кітап арқылы тарихи сананы қалыптастырудың, ұлттық мұраны зерделеудің және ел тарихын терең білудің маңыздылығы атап өтілді.
Кітап көрмесі білім алушылардың таным көкжиегін кеңейтіп қана қоймай, ел тарихына құрметпен қарауға, азаматтық жауапкершілікті сезінуге және ұлттық бірегейлікті бағалауға ықпал етеді.
Республика күні – мемлекеттігімізді айқындайтын, елдік рухымызды асқақтатып, ортақ құндылықтарымызды дәріптейтін маңызды мереке. Осындай мазмұнды кездесулер жас ұрпақтың бойында елге деген сүйіспеншілікті нығайтып, саналы әрі жауапты азамат болып қалыптасуына жол ашады.