• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 21.10.2026
  • 9

ЗАҢ МЕН ТӘРТІП – ҚОҒАМ ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ КЕПІЛІ

Халықаралық «ORDA» жоғары колледжінде білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң талаптарын түсіндіру және құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында «Заң мен тәртіп» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараға Қызылорда қаласының мамандандырылған тергеу сотының өкілдері қатысып, білім алушыларға заң талаптарын сақтау, құқықтық жауапкершілік, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ құқық бұзушылықтың алдын алудың маңызы жөнінде түсінік берді.
Кездесуге қатысқан Қызылорда қаласының мамандандырылған тергеу сотының судьясы Тілеп Талант Ибайдуллаұлы, сот әкімшісінің орынбасары Ержанов Нұржан Әлжаппарұлы, бас маман – сот отырысының хатшылары Асылбекова Нұргүл Онталаповна мен Нұржігітов Қанат Болатұлы заңдылықты сақтау мен құқықтық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығына тоқталды.
Кездесу барысында заң талаптарын білу ғана емес, оларды күнделікті өмірде басшылыққа алу, әрбір әрекетке жауапкершілікпен қарау және өзгенің құқығын құрметтеу қажеттігі түсіндірілді. Сонымен қатар жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқық бұзушылыққа жол бермеу және қоғамдағы тәртіп пен қауіпсіздікті сақтау мәселелері қозғалды.
Іс-шара барысында колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б. Нұрпейісов пен арнайы пән оқытушысы М. Кемелбеков сөз сөйлеп, жас ұрпақтың бойында заңға құрмет, жауапкершілік және азаматтық ұстаным қалыптастырудың тәрбиелік мәніне назар аударды.
Мұндай кездесулер білім алушылардың құқықтық білімін жетілдіріп қана қоймай, олардың заң алдындағы жауапкершілігін сезінуіне, саналы шешім қабылдауына және қоғамның белсенді, тәртіпті азаматы болып қалыптасуына ықпал етеді.