• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 20.10.2026
  • 11

«ҮЗДІК АВТОМЕХАНИК» ҚАЛАЛЫҚ САЙЫСЫНДА – ЖҮЛДЕЛІ ІІ ОРЫН!

Қызылорда жоғары көпсалалы колледжінің ұйымдастыруымен өткен «Үздік автомеханик» қалалық сайысында колледжіміздің білім алушылары жоғары кәсіби шеберлік танытып, жүлделі ІІ орынға ие болды! 
Колледж намысын абыроймен қорғап, өздерінің кәсіби білімі мен тәжірибесін, техникалық дағдылары мен шеберлігін көрсете білген шәкірттеріміз:
 Серікбай Ермек – АК-9-14г оқу тобының студенті;
 Нұрғанат Бағдаулет – АК-9-15г оқу тобының студенті.
Білім алушыларды сайысқа жоғары деңгейде дайындап, кәсіби бағыт-бағдар берген жетекшісі Әбділақатова Айнагүл Сейфуллақызына ерекше алғыс білдіреміз. Ұстаздың еңбегі мен қолдауы – шәкірт жетістігінің маңызды негізі.
Жеңімпаз студенттерімізді және жетекшісін жүлделі орындарымен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да кәсіби білімдерін жетілдіріп, жаңа белестерді бағындырып, колледж мерейін асқақтата берулеріне тілектеспіз!
Жеңісті жолдарыңыз жалғаса берсін!