• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 10.10.2026
  • 51

РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАР МЕН БІЛІМ ТОҒЫСҚАН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ

Халықаралық «Орда» жоғары колледжінде «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының білім алушылары мен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы «Тіл комитетінің» ғалымдары және сала мамандарының қатысуымен мазмұнды кездесу өтті. Басқосу ана тілінің қадір-қасиетін тереңінен таныту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, болашақ мамандардың кәсіби қызығушылығын арттыру және заманауи білім беру үдерісіндегі өзекті мәселелерді талқылауды мақсат етті.
Кездесуге Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, сәтбаевтанушы ғалым, Сәтбаев университеті Тарихи мұражайының бас маманы Аспандяр Әделұлы, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті «Қазақ әдебиеті» кафедрасының қауымдастырылған профессоры Юсуп Фархат Қорабайұлы, Атырау облыстық Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы басшысының орынбасары Құлшар Қанат Хамитұлы және Алматы жылу энергетика саласының бас маманы, ЖЭО аға инженері Мусаев Жомарт Рахымұлы қатысты.
Кездесу барысында қазақ тілі мен әдебиетінің қоғамдағы орны, кітап оқудың тұлғалық дамуға ықпалы, ғылыми ізденістің маңызы және білімді үздіксіз жетілдіру қажеттігі жөнінде ой қозғалды. Қатысушылар ұлттық руханиятты сақтау мен оны жас ұрпақтың бойына сіңіру мәселелеріне тоқталып, ана тілін құрметтеу әрбір азаматтың рухани жауапкершілігі екенін атап өтті.
Сонымен қатар жасанды интеллектінің білім беру саласындағы мүмкіндіктері мен оны тиімді пайдалану жолдары талқыланды. Заманауи технологияларды меңгерумен қатар, сыни ойлау қабілетін дамыту, ақпаратты саралай білу және ұлттық құндылықтарды сақтай отырып, жаңашылдыққа ұмтылу қажеттігіне назар аударылды.
Болашақ қазақ тілі мен әдебиеті мамандары үшін мұндай кездесулердің маңызы зор. Себебі ұстаздық қызмет тек білім берумен шектелмей, ұлттық сананы қалыптастыруды, әдеби мұраны насихаттауды және жас ұрпақтың рухани дамуына ықпал етуді де қамтиды. Сондықтан кәсіби білім мен адами құндылықтарды ұштастыра білген маманның қоғамдағы орны ерекше.
Тағылымды кездесу қатысушыларға тың ой салып, білім көкжиегін кеңейтуге мүмкіндік берді. Тілін құрметтеген ұрпақ – ұлтын ұлықтайды, білімін тереңдеткен жас – болашағын қалыптастырады.