ЖАПОНИЯДАҒЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНДА ЕЛ НАМЫСЫН ҚОРҒАЙДЫ
Жапонияда өтіп жатқан ХХ Азия ойындарында көгалдағы хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы сапында Сыр өңірінің спортшылары ел намысын қорғауда.
19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында ұйымдастырылып жатқан дүбірлі додаға 45 елден 15 мыңға жуық спортшы қатысуда.
Қазақстан құрамасы сапында «Қайсар» спорт клубының спортшысы, Халықаралық «ORDA» жоғары колледжінің ДШ-9-13Г оқу тобының студенті Ерсұлтан Ақжан да өнер көрсетуде.
Ерсұлтан — оң жақ шабуылдаушы, №20 ойыншы.
Жас спортшыға Азия ойындарында сәттілік тілейміз! Ел намысын абыроймен қорғап, биік белестерді бағындыра бер, Ағжан!
