КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ
Халықаралық «ORDA» жоғары колледжінде білім алушылар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында кезекті түсіндірме-ақпараттық кездесу өткізілді.
Кездесуге ҚПБ ҚҚБ Жедел-криминалистикалық бөлімі бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Махамбетов Тимур Исаевич, ҚПБ ҚҚБ ЮПБ бастығы, полиция подполковнигі Ахметова Ляззат Сүндетовна және ҚПБ ҚҚБ ЮПБ учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры Осипов Нұрболат Қайсарбекұлы қатысты.
Кездесу барысында мамандар жасөспірімдер арасында жиі кездесетін құқық бұзушылықтардың себептері мен оның салдарына тоқталып, құқықтық жауапкершіліктің жас ерекшеліктеріне байланысты тәртібін түсіндірді. Сонымен қатар қоғамдық орындардағы тәртіпті сақтау, буллинг пен жанжалдың алдын алу, өзгенің құқығы мен жеке шекарасына құрметпен қарау, интернет кеңістігін қауіпсіз пайдалану мәселелері қозғалды.
Құқық қорғау саласының мамандары жасөспірімнің кез келген әрекеті оның өзіне ғана емес, айналасындағы адамдарға да әсер ететінін атап өтіп, құқық бұзушылықтың алдын алуда ең маңызды қадамдардың бірі — мәселені дер кезінде байқап, дұрыс шешім қабылдай білу екенін түсіндірді.
Білім алушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, құқықтық жауапкершілікке қатысты нақты жағдайлар бойынша түсініктеме алды. Ашық форматта өткен кездесу жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастырып, заң талаптарын білуінің және сақтауының маңызын тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.
Халықаралық «ORDA» жоғары колледжі білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, қауіпсіз әрі жауапты орта қалыптастыруға бағытталған профилактикалық жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырады
