КӘСІБИ ДАМУДЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ
2026 жылғы 9 қыркүйек күні Халықаралық «Orda» жоғары колледжінде Әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен колледж оқытушыларына «Педагогтерді аттестаттаудан өткізу жөніндегі пилоттық жобаны өткізу тәртібі» тақырыбында ақпараттық вебинар өткізілді.
Вебинар барысында педагогтерді аттестаттаудан өткізу жөніндегі пилоттық жобаның негізгі бағыттары жан-жақты түсіндірілді.
Пилоттық жобаның негізгі талаптары;
аттестаттауды өткізу тәртібі мен кезеңдері;
педагогтердің аттестаттауға қатысу ерекшеліктері;
қажетті құжаттарды рәсімдеу тәртібі;
портфолио қалыптастыру талаптары;
кәсіби жетістіктерді дәлелдейтін материалдарды жүйелеу;
оқу-әдістемелік, кәсіби және шығармашылық нәтижелерді ұсыну ерекшеліктері қарастырылды.
Халықаралық «Orda» жоғары колледжі педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға, әдістемелік қолдау көрсетуге және заманауи білім беру талаптарына сай кәсіби дамуына бағытталған жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырады.
Ұстаздың кәсіби өсуі – білім сапасының берік негізі
