• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 10.09.2026
  • 67

ЕЛІМІЗДІҢ 11 ӨҢІРІНДЕ 13 ЖАҢА ЗАМАНАУИ КОЛЛЕДЖ САЛЫНАДЫ

Қазақстанда техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жаңғыртуға бағытталған ауқымды жұмыстар жалғасуда. Басты басымдықтардың бірі – жастарға сапалы білім алуға мүмкіндік беретін заманауи әрі қолайлы білім беру ортасын қалыптастыру.
Бұл туралы Үкімет отырысында Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді.
Заманауи колледждерде білім алушылардың теориялық білімін тәжірибемен ұштастыруына, өндірістік оқытуға және жұмыс берушілердің нақты талаптарына сәйкес кәсіби дағдыларын дамытуға мүмкіндік кеңейеді.
Бұл бастаманың маңызы:
• білім беру инфрақұрылымындағы тапшылықты азайту;
• колледждердің материалдық-техникалық базасын жаңғырту;
• еңбек нарығына қажетті мамандарды даярлау сапасын арттыру;
• жастарға заманауи білім беру ортасын қалыптастыру;
• жұмыс берушілер мен колледждер арасындағы байланысты күшейту;
• техникалық және кәсіптік білім берудің беделін арттыру. болып табылады