• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 04.09.2026
  • 61

ТІЛ – ХАЛЫҚТЫҢ ЖАНЫ

Қазақстан халқы тілдері күніне орай 4 қыркүйек күні колледж студенттері арасында «Тіл – халықтың жаны» тақырыбында танымдық шара ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында мемлекеттік тіл – қазақ тілінің қоғамдағы орны мен маңызына, сондай-ақ орыс және ағылшын тілдерін меңгерудің білім алудағы, кәсіби дамудағы және заманауи қоғамдағы рөліне ерекше назар аударылды. Студенттерге көптілділіктің қазіргі жастар үшін берер мүмкіндіктері түсіндіріліп, бірнеше тілді білу – бәсекеге қабілетті маман қалыптастырудың маңызды алғышарттарының бірі екені айтылды.
Сонымен қатар, студенттердің тілдік білімін жетілдіруге бағытталған қызықты ойындар мен интерактивті тапсырмалар ұйымдастырылды. Қатысушылар қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі сұрақтарға жауап беріп, сөздердің мағынасын анықтады, аударма жасады, мақал-мәтелдерді жалғастырды, сөздік қорын сынады және жылдам жауап беру кезеңдерінде өз білімдерін көрсетті.
Әр тапсырма студенттердің тек білімін тексеріп қана қоймай, тілге деген қызығушылығын арттыруға, ойлау қабілетін дамытуға, сөздік қорын байытуға және өз ойын еркін жеткізуге бағытталды.
Белсенділік танытып, тапсырмаларды жоғары деңгейде орындаған студенттерге ынталандыру мақсатында арнайы сыйлықтар табысталды.