• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 03.09.2026
  • 21

БУЛИНГКЕ ҚАРСЫ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

3 қыркүйек Халықаралық «ОРДА» Жоғары колледжінің 1 курс студенттері арасында буллингтің алдын алуға бағытталған профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесуге колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.А. Нұрпейісов, ҚПБ ҚКБ ЮПБ полиция майоры Н. Осипов, полиция майоры Ф. Примжарова, сондай-ақ жедел уәкілдер — полиция капитандары Берікбай Ғалымжан Берікбайұлы және Бектаев Дастан Берікұлы қатысты.
Кездесу барысында студенттерге буллингтің түрлері, оның ішінде физикалық, ауызша, әлеуметтік, психологиялық және кибербуллинг туралы түсіндірілді. Мамандар буллингтің адамға тигізетін кері әсері, оның алдын алу жолдары және қиын жағдайға тап болған кезде көмек сұраудың маңыздылығы жөнінде ақпарат берді.
Әр адам құрметке лайық. Біреуді қорлау, кемсіту, қорқытуға жол жоқ