• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 15.06.2026
  • 35

АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕР ҚАУІПСІЗДІГІ – ЦИФРЛЫҚ ӘЛЕМНІҢ ҚОРҒАНЫСЫ!

Бүгінде ақпарат – ең құнды ресурс. Жеке деректер, банк жүйелері, мемлекеттік платформалар мен ірі компаниялардың мәліметтері кибершабуылдардың негізгі нысанына айналуда. Сондықтан ақпараттық қауіпсіздік саласының мамандарына сұраныс жыл сайын артып келеді.
«Ақпараттық жүйелер қауіпсіздігі» мамандығында сіз:
 Компьютерлік желілерді қорғауды;
 Кибершабуылдарды анықтау және алдын алуды;
 Ақпараттық жүйелердің осал тұстарын талдауды;
 Деректерді шифрлау және қорғау әдістерін;
 Заманауи қауіпсіздік технологияларын қолдануды үйренесіз.
 Бұл мамандық иелері банк секторында, IT-компанияларда, мемлекеттік мекемелерде, телекоммуникация саласында және ірі кәсіпорындарда қызмет атқара алады.
КІМ БОЛЫП ЖҰМЫС ІСТЕЙ АЛАСЫЗ?
• Ақпараттық қауіпсіздік маманы;
• Киберқауіпсіздік инженері;
• Желілік қауіпсіздік әкімшісі;
• Ақпараттық қауіпсіздік талдаушысы;
• Penetration Tester;
• Security Operations Center (SOC) маманы.
 Цифрлық технологиялар дамыған сайын киберқауіпсіздік мамандарының маңызы арта береді.
Егер сіз технологияға қызығатын, аналитикалық ойлайтын және цифрлық әлемнің қауіпсіздігін қамтамасыз еткіңіз келсе, онда «АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕР ҚАУІПСІЗДІГІ» мамандығы – сіздің таңдауыңыз!