• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 21.05.2026
  • 10

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТТАН ҮШ МЕДАЛЬОН

Бүгін Көкшетау қаласында техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы жас мамандардың кәсіби шеберлігін шыңдауға бағытталған «DOSTI SKILLS Kokshetau - 2026» салалық чемпионатының жабылу салтанаты жоғары деңгейде өтті.
Чемпионат қорытындысы бойынша Халықаралық «ORDA» жоғары колледжінің студенттері жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі марапаттарға ие болды:
 «Электроника» құзыреті бойынша — Жарқын Асет медальон иегері атанды;
 «Мобильді робототехника» құзыреті бойынша — Бижан Айберген Бегімұлы мен Төребеков Әділжан Сайранбекұлы медальон иегерлері болды.
Бұл жетістік студенттердің кәсіби дайындығы мен ұстаздардың жүйелі еңбегінің нәтижесін көрсетті.
Жеңімпаз студенттерімізді шын жүректен құттықтаймыз!
Алдағы жарыстарда да сәттілік пен жаңа жетістіктер тілейміз