• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 21.05.2026
  • 15

ТӘРТІПКЕ БАҒЫНҒАН ЕЛ – БОЛАШАҒЫ БЕРІК ЕЛ

20 мамыр күні Халықаралық «ORDA» жоғары колледжінде Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы ақпараттық-түсіндіру тобының ұйымдастыруымен «Заң мен тәртіп» тақырыбында кездесу өтті.
Кездесудің негізгі бағыты жас ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ адалдық, жауапкершілік, тәртіп пен елжандылық құндылықтарын насихаттау болды.
Іс-шара барысында облыстық «Ақсақалдар кеңесінің» мүшесі, медиатор Жәкеев Жақсыбай Малбағарұлы қатысып, қоғамдағы бірлік пен татулықтың, үлкенге құрмет пен кішіге ізеттіліктің маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыруда отбасы тәрбиесі мен ұлттық құндылықтардың рөлі туралы тағылымды пікірлерімен бөлісті.
Кездесуге «Қоғамдық келісім және тіл орталығының» қызметкерлері Омаров Дәулет Кәрібайұлы мен Есов Ерсұлтан Кажмаханұлы арнайы қатысып, қоғамдағы тұрақтылықты сақтау, құқықбұзушылықтың алдын алу, жастардың азаматтық жауапкершілігін арттыру бағытында мазмұнды түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Шара соңында білім алушылар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, ашық пікір алмасу алаңы қалыптасты. Қатысушылар заң мен тәртіптің қоғам дамуы үшін маңыздылығын терең түсініп, құқықтық сауаттылықты арттырудың өзектілігіне назар аударды.
Осындай тағылымы мол кездесулер жастардың саналы азамат болып қалыптасуына, қоғам алдындағы жауапкершілігін сезінуіне және құқықтық мәдениетті нығайтуға бағытталған маңызды бастамалардың бірі болып табылады