ЖЕҢІС ЖОЛЫНДАҒЫ ЖАРҚЫН НӘТИЖЕ
7 мамыр – Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күніне орай техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері арасында өткен дәстүрлі облыстық волейбол жарысында Халықаралық “ORDA” жоғары колледжінің командасы жүлделі ІІІ орынды иеленді.
Жарыс барысында команда жоғары ұйымшылдық пен кәсіби шеберлік көрсетіп, колледж абыройын лайықты деңгейде қорғады.
Сонымен қатар, жарыс қорытындысы бойынша Халықаралық “ORDA” жоғары колледжінің команда мүшесі Төлемісов Бекнұр “Үздік тосқауылшы” номинациясымен марапатталды.
Команда жетекшісі — Какпанов Н.
Колледж ұжымын шын жүректен құттықтай отырып, алдағы уақытта да биік белестер мен жарқын жеңістер тілейміз!
Халықаралық “ORDA” жоғары колледжі — білім мен белсенділікті қатар дамытқан үздік орта!
