«ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ҚОЛДАНЫЛҒАН АВТОРЛЫҚ САБАҚ» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫНДА ЖҮЛДЕЛІ ОРЫН
Қызылорда облысының білім басқармасы, облыстық оқу-әдістемелік орталығы және білім қызметкерлері кәсіподағының ұйымдастыруымен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында өткен «Цифрлық технологиялар қолданылған авторлық сабақ» облыстық байқауында Халықаралық «ORDA» жоғары колледжінің «Ақпараттық технология» бөлімінің оқытушысы, жас маман, магистрант Мусахан Бақтияр Мырхаханұлы жүлделі ІІІ орын иеленді.
Бақтияр Мырхаханұлы байқау барысында заманауи цифрлық платформалар мен инновациялық оқыту әдістерін үйлестіре отырып әзірлеген авторлық сабағын жоғары деңгейде қорғап, кәсіби шеберлігі мен педагогикалық ізденісін дәлелдей білді. Оның білім беру саласындағы жаңашыл көзқарасы, цифрлық құзыреттілігі және оқытудағы креативті тәсілдері қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды.
Халықаралық «ORDA» жоғары колледжінің ұжымы әріптесіміз Мусахан Бақтияр Мырхаханұлын шын жүректен құттықтап, шығармашылық табыс, кәсіби жетістіктер мен жаңа белестер тілейді!
