• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 07.05.2026
  • 19

7 МАМЫР – ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Бұл күн – ел тыныштығын күзетіп, халықтың бейбіт өмірі үшін аянбай қызмет етіп жүрген ержүрек азаматтарға көрсетілер құрметтің белгісі. Отан қорғау – әрбір азаматтың қасиетті борышы, ал сол жолда табандылық пен батылдық танытқан жандар – ел мақтанышы.
Бүгінгі мереке – тек әскери қызметкерлердің ғана емес, елдің тыныштығын, қауіпсіздігін ойлайтын әрбір азаматтың мерекесі. Ұлт болашағы үшін жауапкершілік алып, туған жерге адал қызмет ету – нағыз ерлік пен парасаттылықтың көрінісі.
Еліміздің айбынын асқақтатып, көк туымызды биік ұстап жүрген барша Отан қорғаушыларға зор денсаулық, мықты рух, отбасыларына амандық тілейміз! 
 Ел тыныш, жұрт аман болсын!
 Көк туымыз әрдайым биікте желбіресін!