1 МАМЫР – ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ БІРЛІГІ КҮНІ
1 мамыр – еліміз үшін айрықша мәнге ие мереке. Бұл күн – татулық пен келісімнің, өзара құрмет пен түсіністіктің, бір мақсатқа жұмылған халықтың бірлігін айшықтайтын маңызды дата.
Көпұлтты Қазақстан қоғамында бұл мереке әртүрлі этнос өкілдерінің ортақ шаңырақ астында бейбіт өмір сүріп, ел дамуына бірге үлес қосып келе жатқанын көрсетеді
Қазақстан халқының бірлігі – тәуелсіздігіміздің тұғыры, тұрақтылығымыздың тірегі. Әртүрлі мәдениет пен дәстүрдің тоғысуы – еліміздің басты байлығы. Осы құндылықтардың арқасында Қазақстан әлемге бейбітшілік пен келісімнің үлгісін көрсетіп келеді
Бүгінде бірлік пен ынтымақ – жастар тәрбиесінің де негізі. Өйткені ел болашағы – білімді, саналы, отансүйгіш ұрпақтың қолында. Жастардың бойында ұлтаралық келісімге құрмет, өзара түсіністік пен жауапкершілік сезімін қалыптастыру – маңызды міндеттердің бірі.
Осы орайда білім беру ұйымдары, оның ішінде Халықаралық ORDA жоғары колледжі де, студенттерге тек сапалы білім беріп қана қоймай, оларды елжанды, бірлігі бекем тұлға ретінде қалыптастыруға ерекше көңіл бөледі. Түрлі мәдени-танымдық іс-шаралар, тәрбиелік жобалар арқылы студенттер арасында достық, сыйластық және ынтымақтастық құндылықтары кеңінен насихатталады
Бірлігі жарасқан ел – әрқашан мықты. Сондықтан әрқайсымыз қоғамдағы татулықты сақтауға, бірлікті нығайтуға өз үлесімізді қосуымыз қажет.
Баршаңызды 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймыз! Елімізде әрдайым бейбітшілік пен келісім орнап, ынтымағымыз арта берсін!
