ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІ КІТАПТЫҢ ОРНЫН БАСА АЛА МА?
Халықаралық «ORDA» жоғары колледжінің кітапханасында студенттер арасында «Әлеуметтік желі кітаптың орнын баса ала ма?» тақырыбында дебат ұйымдастырылды. Іс-шара студенттердің сыни ойлау қабілетін дамытуға, өз көзқарасын дәлелді жеткізуге және ақпаратты саралап, саналы таңдау жасауға бағытталды. Сонымен қатар, дәстүрлі білім көзі – кітап пен заманауи құрал – әлеуметтік желінің қоғамдағы рөлін салыстыра талдауға мүмкіндік берді.
Пікірсайыс барысында жақтаушы топ әлеуметтік желілердің ақпаратқа жедел қолжетімділігін алға тартса, қарсы топ кітаптың терең білім қалыптастырудағы маңызын дәлелдеді. Қатысушылар өзара сұрақ-жауап алмасып, мазмұнды әрі тартысты пікірталас жүргізді.
Төрешілер алқасы қатысушылардың дәлел келтіру деңгейін, сөйлеу мәдениетін және аргументтердің сапасын жоғары бағалады. Қорытындысында әлеуметтік желі мен кітап – бірін-бірі толықтыратын құралдар деген ортақ пікірге келіп, екі топ тең нәтиже көрсетті.
Аталған дебат студенттердің шығармашылық, коммуникативтік дағдыларын дамытып, шешендік өнерін шыңдауға ықпал еткен мазмұнды әрі тағылымы мол іс-шара болды.
Ұйымдастырушы: Колледж кітапханасы және Б.Жусупова
