• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 23.04.2026
  • 53

АЗАМАТТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРБИЕДЕН БАСТАЛАДЫ

22 сәуір күні «Жастардың құқықтық мәдениеті жаңа Конституция жағдайында жауапты азаматтықтың негізі ретінде» тақырыбында тәрбиелік-танымдық іс сағат ұйымдастырылды. Іс-шараның мазмұны жастардың құқықтық сауаттылығын арттырумен қатар, олардың қоғам алдындағы жауапкершілігін терең сезінуіне бағытталды.
Шара барысында білім алушылар Конституцияның негізгі қағидаларын талдап, азаматтардың құқықтары мен міндеттерінің мәніне жан-жақты тоқталды. Заңның қоғам өміріндегі рөлі, оның әрбір азаматтың күнделікті әрекетімен тығыз байланысы нақты мысалдар арқылы түсіндірілді. Бұл студенттердің құқықтық нормаларды тек теория ретінде емес, өмірлік қажеттілік ретінде қабылдауына ықпал етті.
Практикалық бөлімде түрлі құқықтық жағдаяттар ұсынылып, студенттер сол жағдайларды талдау арқылы өз көзқарастарын білдірді. Олар заң аясында ой қорытып, дұрыс шешім қабылдаудың жолдарын қарастырды. Мұндай талқылаулар білім алушылардың құқықтық ойлау қабілетін дамытып, өз пікірін дәлелді түрде жеткізе білу дағдысын қалыптастырды.
Іс-шара барысында құқықтық мәдениет тек заңды білу емес, оны құрметтеу, сақтау және өмірде дұрыс қолдана білу екені ерекше атап өтілді. Бұл бағыттағы жұмыстар жастардың азаматтық ұстанымын нығайтып, оларды ел болашағына бейжай қарамайтын, саналы тұлға ретінде қалыптастыруға ықпал етеді.