ҒЫЛЫМ МЕН БІЛІМ ДИАЛОГЫ: ТӘЖІРИБЕДЕН ИННОВАЦИЯҒА
20 сәуір күні Халықаралық «ORDA» жоғары колледжінде «ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯ: КӘСІБИ БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ» ғылым апталығы аясында «Ғылым мен білім диалогы: тәжірибеден инновацияға» тақырыбында ғалымдармен мазмұнды кездесу өтті.
Аталған кездесу білім алушылардың ғылыми әлеуетін дамытуға, ғылым мен білімнің өзара байланысын нығайтуға және инновациялық ойлау дағдыларын қалыптастыруға бағытталды.
Кездесу диалог алаңы форматында ұйымдастырылып, отандық және шетелдік беделді ғалымдар мен профессор-оқытушылардың қатысуымен өтті. Қонақтар қатарында:
– Сәтбай Тастанбек Яхияұлы – Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы;
– Абасилов Аман Мәделханұлы – қауымдастырылған профессор, филология ғылымдарының кандидаты;
– Аханов Серік Мейрамбекұлы – қауымдастырылған профессор, техника ғылымдарының кандидаты;
– Қапалбек Бижомарт Сейсенбекұлы – Мемлекеттік тілді дамыту институтының атқарушы директоры, филология ғылымдарының кандидаты, профессор;
– Метин Ердоған – Түркия Республикасы, Ескішехир қаласы Османгази университетінің оқытушысы, ғылым докторы;
– Мамбетакунов Уланбек Эсенбекович – Қырғызстан, Т. Эрматов атындағы Бішкек музыкалық-педагогикалық институтының ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор;
– Сабыр Мұрат Бөкенбайұлы – Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің профессоры, филология ғылымдарының кандидаты.
Іс-шара үшжақты диалог форматына негізделіп, қонақтардың өмірлік тәжірибесі мен жетістікке жету жолындағы «сәттілік формуласы», білім алушылардың көкейіндегі сұрақтар және еркін пікір алмасу арқылы жалғасын тапты.
Білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтар да өзектілігімен ерекшеленді. Атап айтқанда, қазақ тілін халықаралық деңгейде дамыту жолдары, табысты тұлға қалыптастырудағы маңызды қасиеттер, ғылыми зерттеу бағыттарын таңдау және тәжірибелік жұмыстардың маңызы жөнінде мазмұнды жауаптар берілді.
Ұйымдастырушы: Әдістемелік кабинет
Кездесу барысында ғылым, білім, тәрбие және тұлғалық даму мәселелері кеңінен талқыланды. Ғалымдар өздерінің ғылыми ізденістері мен тәжірибелерімен бөлісіп, жастарға кәсіби бағыт-бағдар берді.
