Халықаралық «ORDA» жоғары колледжі «Мектеп – колледж – ЖОО» жобасы аясында кәсіптік білім беру жұмыстарын жүйелі түрде жүзеге асырып келеді.
Кезекті кәсіби білім беру жұмысы Ә.Тыныбаев атындағы №11 мектеп-лицейінде 9-сынып оқушылары арасында «Мамандықтар жәрмеңкесі» тақырыбында жалғасын тапты.
Аталған іс-шара оқушылардың болашақ мамандықты саналы таңдауы үшін бағыт-бағдар беруге, олардың кәсіби қызығушылығын арттыруға және білім беру ұйымдары арасындағы өзара байланысты нығайтуға бағытталды.
Іс-шара барысында Халықаралық «ORDA» жоғары колледжінің студенттері арнайы мамандықтар көрмесін ұйымдастырып, өз білім алып жатқан бағыттары бойынша тәжірибелік жұмыстар мен оқу үдерісінің ерекшеліктерін таныстырды. Көрме аясында әрбір мамандықтың қыр-сыры көрсетіліп, оқушыларға нақты мысалдар арқылы түсіндірілді. Бұл өз кезегінде мектеп оқушыларының қызығушылығын арттырып, мамандықты тереңірек түсінуіне мүмкіндік берді.
Сонымен қатар, колледж өкілдері оқу орнының білім беру бағдарламалары, заманауи материалдық-техникалық базасы, тәжірибеге бағытталған оқыту жүйесі мен студенттерге ұсынылатын мүмкіндіктер туралы жан-жақты ақпарат берді. Талапкерлерге арналған мамандықтар, оқу шарттары және болашақтағы кәсіби даму жолдары кеңінен таныстырылды.
Кездесу барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты жауап алды. Мұндай ашық диалог алаңы олардың кәсіби бағдарын айқындауға және саналы шешім қабылдауына ықпал етеді.
Қызылорда облысының Білім басқармасы ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ
