• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 27.03.2026
  • 30

ДЕМОНСТРАЦИЯЛЫҚ ЕМТИХАН: САПАЛЫ ДАЙЫНДЫҚ – НАҚТЫ НӘТИЖЕ

Халықаралық «ORDA» жоғары колледжінде WorldSkills Kazakhstan талаптарына сәйкес «Демонстрациялық емтихан: дайындау, ұйымдастыру, өткізу» тақырыбында мазмұнды әрі тәжірибелік маңызы жоғары семинар ұйымдастырылды. Бұл семинар білім беру сапасын арттыруға бағытталған жұмыстардың бірі ретінде ерекшеленді.
Семинар барысында демонстрациялық емтиханның білім алушылардың кәсіби деңгейін әділ әрі нақты бағалаудағы рөлі кеңінен қарастырылды. Аталған формат – тек теориялық білімді емес, нақты практикалық дағдылар мен кәсіби құзыреттіліктерді анықтаудың тиімді құралы екені атап өтілді. Сонымен қатар, білім беру бағдарламаларын меңгеру деңгейін жүйелі түрде саралап, халықаралық стандарттарға сәйкестігін қамтамасыз ету мәселелері де назардан тыс қалмады.
Іс-шара аясында колледж директорының оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Тажикова Г.Д. қатысушыларды демонстрациялық емтиханды ұйымдастыру және өткізу талаптарымен жан-жақты таныстырды. Оның ішінде нормативтік-құқықтық негіздер, емтихан кезеңдерінің құрылымы, бағалау критерийлері, сарапшылардың қызметі, сондай-ақ инфрақұрылымды тиімді дайындау мен емтихан өткізу тәртібі нақты мысалдар арқылы түсіндірілді.
Семинар барысында теориялық мәліметтер тәжірибемен ұштастырылып, қатысушыларға әдістемелік ұсынымдар ұсынылды. Практикалық кейстер мен нақты жағдайлар арқылы емтихан процесін тиімді ұйымдастыру жолдары көрсетілді. Бұл өз кезегінде оқытушылар мен мамандардың кәсіби тәжірибесін байытып, заманауи талаптарға сай жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.
Семинар қорытындысы бойынша қатысушылар демонстрациялық емтиханды сапалы деңгейде дайындау, ұйымдастыру және өткізу бағытында өз білімдерін жетілдіріп, тәжірибелік дағдыларын нығайтты. Мұндай мазмұнды кездесулер білім беру жүйесінің сапасын арттыруға және халықаралық тәжірибені тиімді енгізуге ықпал етеді.