• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 27.03.2026
  • 18

ӨРТ КЕЗІНДЕГІ ӘРЕКЕТ ЕРЕЖЕЛЕРІ

Ашық сабақ – білім алушылардың теориялық білімін тәжірибемен ұштастырып, нақты өмірлік жағдайларда дұрыс әрекет ету дағдыларын қалыптастыруға бағытталған маңызды оқу үдерісі.
Тө-9-14г тобында «Өндірістік санитария мен қоршаған орта талаптарын сақтауды ұйымдастыру» пәні аясында пән оқытушысы Тулепбеогенова Толғанайдың ұйымдастыруымен «Өрт кезіндегі әрекет ету ережелері» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақ барысында өрттің пайда болу себептері мен даму кезеңдері жан-жақты түсіндіріліп, білім алушылар электр құралдарын дұрыс пайдаланбау, техникалық ақаулар, жанғыш заттарды сақтау талаптарының бұзылуы сияқты негізгі себептерді талдады. Сонымен қатар, өрттің інициация, даму және толық өршу кезеңдері қарастырылып, олардың әрқайсысының қауіптілігі нақты мысалдар арқылы түсіндірілді.
Ашық сабақ нәтижесінде білім алушылар өрттің негізгі себептерін талдай алу, эвакуация жоспарын дұрыс түсіну, төтенше жағдайда сенімді әрі нақты әрекет ету және алғашқы өрт сөндіру құралдарын тиімді пайдалану дағдыларын меңгерді. Бұл сабақ олардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастырып қана қоймай, өмірде аса қажетті білім мен тәжірибе алуға мүмкіндік берді.