Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай колледжде педагогикалық және гуманитарлық мамандықтар бөлімінің ұйымдастыруымен мерекелік мәдени іс-шара өткізілді.
Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай колледжде педагогикалық және гуманитарлық мамандықтар бөлімінің ұйымдастыруымен мерекелік мәдени іс-шара өткізілді.
Іс-шара барысында Наурыз мерекесінің тарихи мәні мен мазмұны кеңінен таныстырылып, оның адамзат өміріндегі ерекше орны атап өтілді. Күн мен түн теңеліп, табиғаттың жаңарып, тіршіліктің қайта түлейтін кезеңі ретінде Наурыздың символикалық мағынасы түсіндірілді. Сонымен қатар, халқымыздың ежелден келе жатқан дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары сахналық қойылымдар арқылы көрініс тапты.
Мерекелік бағдарлама аясында оқытушылар мен білім алушылар ұлттық әндер орындап, би билеп, қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін бейнелейтін салт-дәстүрлерден үзінділер қойылып, көрермендерге ерекше әсер сыйлады.
