2026 жылдың 15 наурызында өткізілетін жалпы халықтық референдумға байланысты 18 жасқа толған колледж студенттеріне түсіндірме - ақпарат жұмысы жүргізілді.
2026 жылдың 15 наурызында өткізілетін жалпы халықтық референдумға байланысты 18 жасқа толған колледж студенттеріне түсіндірме - ақпарат жұмысы жүргізілді.
Колледждің арнайы пән оқытушысы М.Е.Кемелбеков студенттерге «Конституциялық өзгерістер – елдің болашағына жасалған маңызды инвестиция» атты тақырыпта баяндама жасап референдумға жастарды қатысу керектігін түсіндірді.
Конституцияға енгізілетін түзетулер жобасы елдің саяси жаңғыруына бағытталған маңызды қадам. Ол демократиялық дамуды күшейтіп, билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті нығайтады. Ең бастысы – адам құқықтарының басымдығы. ҚР жаңа Конституциясы жобасында маңызды стратегиялық басымдық айқын көрініс тапты. Атап айтқанда, 3-баптың 2-тармағында Қазақстан Республикасы адам капиталын, білімді, ғылымды және инновацияны дамыту мемлекет қызметінің стратегиялық бағыты ретінде бекітеді. Бұл норма – елдің ұзақ мерзімді дамуы материалдық ресурстармен ғана емес, ең алдымен білімді, бәсекеге қабілетті, шығармашыл тұлғаға сүйенетінін білдіреді. Адам капиталына инвестиция салу – экономиканың тұрақты өсуінің, технологиялық жаңғырудың және ұлттық қауіпсіздіктің басты кепілі.
Дәріс соңында колледждің ұстаздары мен студенттері Жаңа конституциядағы өзгерістер мен толықтыруларды қолдайтындығын білдірді.
