• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 12.03.2026
  • 43

«Кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу» тақырыбында ақпараттық-түсіндірме жұмыстары

Халықаралық ORDA жоғары колледжінде студенттер арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, заң талаптарын түсіндіру және кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында «Кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу» тақырыбында ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараға Облыстық прокуратураның басқарма прокуроры Асқар Әлішер Ерланұлы және Қызылорда қалалық полиция басқармасы ҚҚБ ювеналдық полиция бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Досмағанбетов Асқар қатысып, студенттермен мазмұнды кездесу өткізді.
Кездесу барысында сала мамандары кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың себептері мен салдары, заң алдындағы жауапкершілік, құқықтық тәртіпті сақтау және жасөспірімдердің қауіпсіз мінез-құлқын қалыптастыру туралы кеңінен түсіндірді. Сонымен қатар студенттерге заң талаптарын сақтау, қоғамдағы тәртіп пен жауапкершіліктің маңыздылығы туралы маңызды ақпараттар берілді.
Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, құқық қорғау саласының мамандарынан нақты жауаптар алды. Осындай кездесулер жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, заңға құрметпен қарауға және қоғамдағы құқықбұзушылықтың алдын алуға бағытталған маңызды шаралардың бірі болып табылады.