• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 12.03.2026
  • 43

«Туберкулез инфекциясы: аурудың алдын алу және емдеу жолдары» тақырыбында ақпараттық-түсіндірме жұмысы

Халықаралық “ORDA” жоғары колледжінде студенттердің денсаулығын қорғау және жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында «Туберкулез инфекциясы: аурудың алдын алу және емдеу жолдары» тақырыбында ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында Қызылорда қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы Назымбекова Анар Амирбековна, Облыстық фтизиопульмонология орталығының дәрігері Увашева Мереке Калмаханқызы, сондай-ақ колледжіміздің медбикесі Килибаева Саракул Елкиевна және колледж педагог-психологы Асанова Дина Казыбаевна қатысып, студенттермен маңызды кездесу өткізді.
Кездесу барысында сала мамандары туберкулез инфекциясының таралу жолдары, аурудың алғашқы белгілері, алдын алу шаралары және заманауи емдеу тәсілдері туралы жан-жақты мәлімет берді. Сонымен қатар студенттерге дер кезінде медициналық тексеруден өтудің маңыздылығы, жеке гигиенаны сақтау, дұрыс тамақтану және салауатты өмір салтын ұстану арқылы аурудың алдын алуға болатыны кеңінен түсіндірілді.
Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан нақты әрі пайдалы жауаптар алды. Осындай ақпараттық кездесулер жастардың денсаулық мәдениетін қалыптастыруға, жұқпалы аурулардың алдын алуға және қоғамдағы жауапкершілікті арттыруға үлкен үлес қосады.