• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 05.03.2026
  • 22

«ҰЛТТЫҚ КОД — ҰРПАҚ АМАНАТЫ: ЗЕРДЕ ЖӘНЕ ПАРАСАТ» тәрбие апталығы аясында «Ақмешіт» фольклорлық ансамблінің қатысуымен өтетін «Домбыра – дастан, Қобыз – абыз: Түркі әлемінің ортақ сазы» атты ұлттық аспаптар үні халықаралық челленджіне АНЫҚТАМА

Өткізілген мерзімі: 2026 жылғы « 03 наурыз».
Қатысушылар: Қызылорда облысы филармониясының «Ақмешіт» фольклорлық ансамблі, колледж студенттері, Түркия елінің білім беру ұйымдарының оқытушы профессорлары мен білім алушылары.
Платформа: Instagram, Zoom (телекөпір форматында).
1. Шараның мақсаты мен мазмұны:
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында Түркі әлемі жастарының ортақ рухани құндылықтарын жаңғырту, ұлттық аспаптар (домбыра, қобыз, комуз, бағлама) үні арқылы «Ұлттық кодты» насихаттау. Челлендж барысында «Ақмешіт» фольклорлық ансамблінің кәсіби сүйемелдеуімен қазақ күйлері және Түркі елдерінің ортақ күйлері мен сарындары орындалып, студенттер арасында рухани эстафета жолданды.
2. Негізгі нәтижелер:
• Қамту аясы: Челленджге Түркия мемлекетінің KONYA қаласындағы SELҪUK ÜNİVERSİTESİ-нің, Eskişehir қаласының Tepebaşı ауданында орналасқан CEMAL MÜMTAZ SOSYAL BİLİMLER LİSESİ-нің профессор оқытушылары мен білім алушылары және KONYA қаласындағы SELҪUK ÜNİVERSİTESİ-нің Қорқыт ата атындағы университетінде жүрген тағылымдамашы түрік студенттері мен басқа да білім беру ұйымдары үн қосты.
• Цифрлық белсенділік: Әлеуметтік желілердегі ортақ хештегтер (#TurkicZerde2026, #AkmeshitEnsemble).
3. Әдістемелік ерекшелігі:
Шара барысында «Этно-дипломатия» және «Иммерсивті медиа-жолдау» әдістері қолданылды. Студенттер гаджетті тек ойын үшін емес, «Зерделі мазмұн» (Meaningful content) жасау құралы ретінде пайдаланып, «Digital Detox» принципін іс жүзінде көрсетті.
4. Қорытынды:
Челлендж нәтижесінде білім алушылардың халықаралық деңгейдегі мәдени құзыреттілігі артып, ұлттық аспаптар үні — жастарды біріктіруші, буллинг пен жат ағымдарға қарсы «Рухани иммунитет» факторы екені дәлелденді. Шара Оқу-ағарту министрлігінің «Адал азамат» тұжырымдамасына толық сәйкес келеді деп танылды.