• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 05.03.2026
  • 16

«ҰЛТТЫҚ КОД — ҰРПАҚ АМАНАТЫ: ЗЕРДЕ ЖӘНЕ ПАРАСАТ» апталығы аясында колледж студенттері арасында «ДОСБОЛLIKE: БІЗДІҢ ТОПТА ЖӘБІРЛЕУГЕ ОРЫН ЖОҚ!» тақырыбында психологиялық тренинг ұйымдастырылды.

Тренингтің басты мақсаты – студенттер арасында достықты нығайту, бір-біріне құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыру және буллингтің алдын алу.
Іс-шара барысында студенттер психологиялық жаттығулар, топтық жұмыстар мен рөлдік ойындар арқылы өз ойларын ашық айтып, бір-бірін тыңдауға, түсінуге және қолдауға үйренді. Сонымен қатар, буллингтің қоғамға тигізетін кері әсері туралы пікір алмасып, достық пен бірліктің маңызын терең сезінді.
Әрбір студент өзін қауіпсіз әрі еркін сезінетін орта қалыптастыру – барлығымыздың ортақ міндетіміз.
Біз достықты таңдаймыз!
Біз құрметті бағалаймыз!
Біздің топта жәбірлеуге орын жоқ!