«ҰЛТТЫҚ КОД — ҰРПАҚ АМАНАТЫ: ЗЕРДЕ ЖӘНЕ ПАРАСАТ» апталығы аясында колледжімізде «БУЛЛИНГСІЗ КОЛЛЕДЖ: ПЕДАГОГТЫҢ ӘРЕКЕТ ЕТУ АЛГОРИТМІ» тақырыбында семинар – тренинг ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында Абылайхан атындағы жоғары колледжінің педагог-психологы Ержанова Эльвира Алтайқызы арнайы қатысып, буллингтің алдын алу бағытындағы өз тәжірибесімен бөлісті.
Семинар барысында білім беру ұйымдарында кездесетін буллинг жағдайларын ерте анықтау, педагогтардың мұндай жағдайда дұрыс әрекет ету алгоритмі, студенттерге психологиялық қолдау көрсету тәсілдері кеңінен талқыланды. Сонымен қатар қатысушылармен тәжірибелік тапсырмалар орындалып, пікір алмасу ұйымдастырылды.
Кездесу педагогтар үшін тәжірибе алмасуға мүмкіндік беріп, колледждегі қауіпсіз әрі қолайлы психологиялық ортаны қалыптастырудың маңыздылығын көрсетті.
Тренинг форматында өткен іс-шарада педагогтар түрлі практикалық тапсырмалар, талқылаулар және жағдаяттық жаттығулар арқылы өз пікірлерін ортаға салып, тәжірибе алмасты. Бұл өз кезегінде педагогтардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға және колледж ортасында қауіпсіз, қолдаушы психологиялық ахуал қалыптастыруға ықпал етті.
Мұндай кездесулер білім беру ұйымында буллингтің алдын алу, өзара сыйластық мәдениетін дамыту және қолайлы білім беру ортасын қалыптастыру бағытындағы маңызды қадамдардың бірі болып табылады.
