• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 27.02.2026
  • 21

РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ДӘРІПТЕЛГЕН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕШТЕР

Қырғыз Республикасындағы Т.Ерматов атындагы музыкалык-педагогикалык институтында
Халықаралық ана тілі күніне арналған «Тіл – достықтың көпірі» атты салтанатты шара институттың акт залында ұйымдастырылды. Кеш барысында студенттер ұлттық өнерді дәріптеп, би мен күй арқылы халық рухын жеткізді. Қырғыз халқының ұлы эпикалық мұрасы – Манас жырынан үзінді оқылып, тарихи көріністер сахналанды. Бұл шара тілдің – ұлт болмысының негізі екенін айқын көрсетті.
Сонымен қатар, шаралар легі жастар жатақханасында 23 ақпан - Атамекенді қорғаушылар күніне арналған мерекелік кешпен жалғасын тапты. Өнерлі студенттер патриоттық әндер орындап, сахналық қойылымдар арқылы елге деген сүйіспеншілік пен азаматтық жауапкершілікті бейнеледі.
Аталған іс-шаралар мазмұндық жағынан бір-бірін толықтырып, ұлттық рух пен адамгершілік құндылықтарды кеңінен насихаттады. Қазақстаннан барған делегация құрамындағы колледж оқытушылары мен студенттері аталған тағылымды кештердің куәсі болып, бауырлас ел жастарының өнеріне, ұйымшылдығына және рухани байлығына жоғары бағасын берді.
Осындай тағылымды бастамалар екі ел арасындағы мәдени және білім беру саласындағы ынтымақтастықты тереңдете түсетіні анық.