Жасанды интеллект
Жасанды интеллект – тек құрал емес, ол білім сапасын арттырып, жаңа буынның сыни ойлау, шығармашылық және зерттеушілік қабілеттерін дамытуға мүмкіндік беретін маңызды ресурс. Қызылорда облысының білім басқармасы мен Халықаралық «ORDA жоғары колледжінің ұйымдастыруымен «Білім берудегі жасанды интеллект: инновациялар, тәжірибе және жаһандық үрдістер» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Конференцияның басты мақсаты – білім беру саласында жасанды интеллектті қолданудың заманауи бағыттарын талқылау, үздік халықаралық тәжірибелермен алмасу және болашақ даму үрдістерін айқындау.
Қатысушылар жасанды интеллектті оқу үдерісіне енгізудің нақты кейстерімен танысып, инновациялық шешімдер мен ғылыми зерттеулердің нәтижелерін талқылады.
Жасанды интеллект – білім алушының мүмкіндігін кеңейтетін, ал ұстаздың кәсіби шеберлігін арттыратын қуатты құрал.
Ұйымдастырушылар: Ербаева Ж.Қ., Қалжанова А.Қ., Мүсірәлі Б.Б.
