• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 23.02.2026
  • 50

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАҒЫЛЫМДАМА – КӘСІБИ ТӘЖІРИБЕНІҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

Қырғызстан Республикасындағы Т. Ерматов атындағы музыкалық-педагогикалық институт базасында тәжірибеден өтіп жатқан Халықаралық “ORDA” жоғары колледжінің студенттері №93 орта мектебі (Арша-Бешік ауданы) және №62 мектеп-гимназиясы базаларында педагогикалық тәжірибеден өтті.
Тәжірибе барысында олар мектеп құжаттамаларымен танысып, оқу-тәрбие үдерісінің ұйымдастырылуын, сабақтың құрылымын және оқытудың заманауи әдіс-тәсілдерінің қолданылуын зерделеді.
Студенттер сабақ жоспарлау ерекшеліктерін бақылап, бағалау жүйесін талдап, сыныптағы оқушылармен тиімді қарым-қатынас орнату жолдарын меңгерді. Сонымен қатар мұғалімдердің кәсіби қызметіндегі жауапкершілік, ұйымдастырушылық қабілет және педагогикалық мәдениеттің маңызын түсінді.
Халықаралық ортадағы бұл тәжірибе студенттердің кәсіби ой-өрісін кеңейтіп, педагогикалық шеберлігін жетілдіруге ықпал етті.