• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 22.02.2026
  • 61

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БІЛІМ КЕҢІСТІГІНДЕГІ ТӘЖІРИБЕ

Қырғызстандағы Таштан Ерматов атындағы музыкалық-педагогикалық институт базасында ұйымдастырылған тағылымдама аясында Халықаралық “ORDA” жоғары колледжінің оқытушылары кәсіби бағыттағы ашық сабақтарға қатысып, мазмұнды тәжірибе жинақтады.
Қырғыз тілі, қырғыз тілі мен әдебиеті және орыс тілі пәндері бойынша өткізілген сабақтар жүйелі жоспарлануымен, мазмұндық тереңдігімен және интерактивті әдістерді қолдануымен ерекшеленді. Оқытушылар білім алушылардың сыни ойлау қабілетін дамытуға, тілдік құзыреттілігін арттыруға және сабаққа белсенді қатысуына ерекше көңіл бөлді. Топтық жұмыс, пікірталас, практикалық тапсырмалар және цифрлық ресурстарды қолдану сабақтың тиімділігін арттырды.
Әсіресе тілдік пәндердегі тәжірибелік жұмыстар мен педагогика бағытындағы инновациялық тәсілдер қатысушылар үшін кәсіби тұрғыдан аса құнды болды. Бұл тәжірибе болашақ мамандардың әдістемелік ойлауын қалыптастырып, оқыту процесіне жаңа көзқараспен қарауға мүмкіндік берді.
Тағылымдама барысында алынған білім мен тәжірибе екі ел арасындағы білім саласындағы байланыстарды нығайтып қана қоймай, кәсіби шеберлікті арттыруға, халықаралық академиялық ынтымақтастықты дамытуға және білім сапасын жетілдіруге ықпал етті.
Халықаралық “ORDA” жоғары колледжі үшін мұндай тәжірибенің заманауи білім беру кеңістігінде бәсекеге қабілетті маман даярлауда қосар үлесі мол.