МЕРЕЙЛІ ЖАСПЕН ҚҰТТЫҚТАУ!
Бүгін Халықаралық “ORDA” жоғары колледжінің директоры, білікті басшы, іскер ұйымдастырушы Досжанова Гүлжамила Сермағанбетқызының мерейлі 50 жасқа толған туған күні.
Бұл – кемел ақыл мен мол тәжірибе тоғысқан, саналы ғұмырдың мағыналы белесі. Гүлжамила Сермағанбетқызының басшылығымен колледжде сапалы білім беру, кәсіби маман даярлау және білім беру үдерісін жаңғырту бағытында жүйелі жұмыстар атқарылып келеді. Ұжыммен тіл табыса білетін, талапшыл да әділ басшы ретінде ол әрдайым жаңашылдыққа жол ашып, жас ұрпақтың жарқын болашағына қызмет етіп келеді.
Сізге тән жауапкершілік, табандылық пен адамгершілік құндылықтар – әріптестер мен студенттер үшін үлкен үлгі. Сіздің еңбегіңіз бен басшылық жолыңыз колледждің дамуына, абырой-беделінің артуына зор үлес қосуда.
Осы мерейлі күні Сізге зор денсаулық, отбасылық береке, шығармашылық шабыт, кәсіби қызметіңізде толағай табыстар тілейміз. Алдағы уақытта да бастаған игі істеріңіз жемісті болып, абыройыңыз асқақтай берсін!
Мерейлі жасыңыз құтты болсын!
