• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 31.12.2025
  • 10

ЕРТЕ ЖҮКТІЛІКТІҢ АЛДЫН АЛУ – ӘР ЖАСӨСПІРІМНІҢ БОЛАШАҒЫНА ЖАУАПКЕРШІЛІК

ЕТ-9-33Г оқу тобында «Ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Бұл кездесу жасөспірімдерге дайын ақпарат берумен шектелмей, олардың ойлануына, өз болашағына жауапкершілікпен қарауына бағытталды.
Тәрбие сағаты барысында репродуктивті денсаулық туралы әңгіме қозғалды. Ерте жүктіліктің жас адамның денсаулығына, білім алуына, арманы мен жоспарларына қалай әсер ететіні ашық айтылды. Отбасын жоспарлау, жеке қауіпсіздік, өзара сыйластық, дұрыс шешім қабылдау, ақпаратты сүзгіден өткізе білу секілді маңызды тақырыптар талқыланды.
Кездесу барысында жасөспірімдердің пікірін тыңдауға, сұрақ қоюына, өз ойын еркін жеткізуіне мүмкіндік берілді. Ашық әңгіме арқылы сенім қалыптасып, әрбір оқушы өз өмірі үшін ең алдымен өзі жауапты екенін тереңірек түсіне бастады.
Уақытында берілген шынайы ақпарат, қолдау мен түсіністік жасөспірімнің өз жолын адаспай табуына көмектеседі. Ақпараттанған, саналы жас қауіпсіз, әрі болашағына жауапкершілікпен қарай алады.
Топ тәлімгері - Омарова П.К.