ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК
Қоғамдағы тұрақтылық пен қауіпсіздіктің негізі – құқықбұзушылықтың алдын алу және саналы мінез-құлықты қалыптастыру. Осы бағытта білім алушылар арасында ақпараттық-түсіндірме жұмыстары өткізілді.
Іс-шара барысында студенттерге заң талаптарын сақтау, жауапкершілікті сезіну, сондай-ақ нашақорлықтың, алкогольді ішімдіктерді тұтынудың, құмар ойындарға тәуелділіктің (лудомания) қоғам мен жеке тұлғаға тигізетін кері әсері түсіндірілді.
Ақпараттық-түсіндірме жұмыстары барысында білім алушылардың құқықтық мәдениетін арттыруға, заң талаптарын құрметтеуге және теріс әрекеттердің алдын алуға басымдық берілді.
Сонымен қатар, буллинг пен кибербуллингтің, заңсыз қаржылық әрекеттердің, интернет-алаяқтық пен «дропперлікке» қатысудың салдары жан-жақты айтылып, сақтану жолдары ұсынылды. Ақпараттық материалдар білім алушылардың жас ерекшеліктеріне сай жеткізілді.
