• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 24.12.2025
  • 68

БІЛІМ МЕН ШЕБЕРЛІК МАРАПАТЫ

586683851_18524419150066484_9152181611601786122_n.jpg587421539_18524419255066484_3285937273217701619_n.jpg603876700_18524419144066484_1483379568532960144_n.jpg604514898_18524419117066484_636603787295597719_n.jpg605801294_18524419168066484_8706831643541525205_n.jpg

Бүгін колледж қабырғасында еңбек пен шеберлікті, білім мен табандылықты өзара ұштастыра білген WorldSkills чемпионатының жеңімпаздары мен колледж белсенділерін салтанатты марапаттау рәсімі өтті.
Іс-шара барысында WorldSkills чемпионатында жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, өз мамандығы бойынша кәсіби шеберлігін дәлелдеген студенттерге, сондай-ақ оқу орнының қоғамдық, мәдени және әлеуметтік өміріне белсене араласып, колледж абыройын асқақтатып жүрген белсенді жастарға ерекше құрмет көрсетілді. Олардың әрқайсысы – білімге құштарлықтың, табандылық пен жауапкершіліктің жарқын үлгісін көрсете білген зерделі жастар.
Салтанатты марапаттау рәсімінде үздік студенттерге колледж құрылтайшылары тарапынан ақшалай сыйлықтар мен планшеттер табысталды. Бұл марапаттар жастардың тынымсыз еңбегі мен үздіксіз ізденісіне берілген жоғары баға ғана емес, сонымен қатар олардың болашақ кәсіби қалыптасуына бағытталған нақты қолдау болып табылады.
Колледж басшысы Г.С. Досжанова жеңімпаздар мен белсенді студенттерді жетістіктерімен құттықтап, білім мен еңбекті қатар алып жүрген жастардың ел болашағын қалыптастырудағы рөлі ерекше екенін атап өтті. Сонымен бірге, WorldSkills чемпионатының білікті, бәсекеге қабілетті маман даярлаудағы маңызы мен студенттердің кәсіби әлеуетін арттырудағы ықпалы зор екені баса айтылды.
Білім мен еңбек – бір-бірін толықтыратын егіз ұғым. Шынайы жетістікке жету үздіксіз ізденіс пен табандылықты талап етеді. Қол жеткізілген нәтижелер студенттердің ынтасы мен ұстаздардың тынымсыз еңбегінің жемісі.
Барша жеңімпаздар мен белсенді жастарға алғыс білдіреміз. Еңбектеріңіз еселеніп, асуларды бағындыра беріңіздер!