• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 24.12.2025
  • 35

ОҚЫТУШЫЛАРДЫҢ БІЛІКТІЛІГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ РАСТАЛДЫ

587814380_18524283955066484_3888222277442227680_n.jpg604083637_18524283925066484_7561314930182723760_n.jpg604398596_18524283940066484_1167414952225342045_n.jpg

Халықаралық аккредиттеу үдерісі аясында Халықаралық “ORDA” жоғары колледжінде маңызды әрі мазмұнды кезең жүзеге асырылды. Аталған кезеңде колледждің арнайы пән оқытушылары халықаралық талаптарға сай кәсіби даярлықтан өтіп, нәтижесінде халықаралық сертификаттарға ие болды.
Аккредиттеу талаптарына сәйкес, оқытушылар үшін арнайы халықаралық курс ұйымдастырылды. Бұл курс барысында заманауи автомобиль технологиялары, оқытудағы құзыреттілікке негізделген тәсілдер, өндірістік тәжірибеге бағытталған білім беру модельдері және халықаралық бағалау жүйелері кеңінен қамтылды. Курстың басты ерекшелігі – тек теориялық біліммен шектелмей, оқытушылардың кәсіби тәжірибесін халықаралық стандарттармен сәйкестендіруге бағытталуы болды.
Курс аяқталғаннан кейін оқытушылардан арнайы тест қабылданып, олардың меңгерген білім деңгейі, әдістемелік даярлығы және кәсіби құзыреттілігі бағаланды. Тестілеу нәтижелері бойынша барлық талаптарды сәтті орындаған оқытушыларға халықаралық сертификаттар салтанатты түрде табысталды. Бұл – колледж оқытушыларының кәсіби әлеуеті мен біліктілігінің халықаралық деңгейде мойындалғанының айқын дәлелі.
Аталған кезең студенттерге де тікелей әсер ететін маңызды үдеріс болып табылады. Себебі халықаралық стандарттарға сай даярланған оқытушы – сапалы білімнің, тәжірибеге негізделген оқытудың және бәсекеге қабілетті маман даярлаудың негізгі кепілі.
Осылайша, Халықаралық “ORDA” жоғары колледжінде жүргізіліп жатқан халықаралық аккредиттеу жұмыстары кешенді түрде, яғни студенттердің теориялық білімі, практикалық дағдылары және оқытушылардың кәсіби біліктілігі қатар бағалануда. Бұл – колледждің білім сапасын үздіксіз арттыруға, халықаралық білім кеңістігіне толыққанды интеграциялануға бағытталған жүйелі жұмысының нақты нәтижесі