ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АККРЕДИТАЦИЯ: “ORDA” ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІНІҢ ІТ ҮЙІРМЕЛЕРІ МЕН СТУДЕНТТЕР ЖОБАЛАРЫ ЖОҒАРЫ БАҒАЛАНДЫ



Халықаралық «ORDA» жоғары колледжінде өткен халықаралық аккредитация аясында сарапшылар колледждің білім беру инфрақұрылымымен, заманауи оқу-тәжірибелік базасымен және студенттердің ғылыми-инновациялық қызметімен жан-жақты танысты. Аккредитация барысында колледж қабырғасында жүйелі түрде жұмыс істеп келе жатқан «Электроника», «Робототехника», «Жасанды интеллект», «AI Discovery Club», «3D модельдеу және Game Development» бағытындағы үйірмелердің қызметіне ерекше назар аударылды.
Сарапшылар студенттердің аталған үйірмелер аясында орындаған жобаларын, стартаптық идеяларын және тәжірибелік жұмыстарын жоғары бағалап, олардың қазіргі еңбек нарығының сұранысына толықтай сай екенін атап өтті. Жобаларда заманауи цифрлық технологияларды тиімді қолдану, инженерлік ойлау, бағдарламалау дағдылары мен шығармашылық көзқарастың үйлесімді көрініс тапқаны ерекше атап өтілді.
Білім алушылар өз жобаларын ағылшын және корей тілдерінде еркін әрі сенімді түрде таныстырып, халықаралық деңгейде кәсіби коммуникация жүргізе алатынын көрсетті. Бұл – колледжде көптілді білім беру ортасының қалыптасқанын, сондай-ақ студенттердің жаһандық білім кеңістігіне бейімделу деңгейінің жоғары екенін айқындайды.
Аккредитация нәтижелері Халықаралық «ORDA» жоғары колледжінің білім беру үдерісінде теория мен тәжірибенің тиімді ұштасқанын, инновациялық бағыттағы даярлықтың жүйелі түрде жүзеге асырылатынын және ІТ саласында бәсекеге қабілетті мамандар даярлаудағы әлеуетінің жоғары екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.
