• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 17.12.2025
  • 26

ТӘУЕЛСІЗДІК ТІРЕГІ – ҚУАТТЫ ӘСКЕР

15 желтоқсан күні Тәуелсіздігіміздің 34 жылдығына орай колледж ішілік деңгейде «Жас сарбаз» патриоттық үйірмесі аясында «Республика Қарулы Күштері – Тәуелсіздік тірегі» атты әскери-спорттық сайыс ұйымдастырылды.
Аталған сайыс жастардың бойында отансүйгіштік рухты қалыптастыруға, әскери-патриоттық тәрбиені нығайтуға, ұлттық салт-дәстүрлерге деген құрметті арттыруға, сондай-ақ еңбекқорлық, адалдық пен ержүректілік сияқты асыл қасиеттерді дәріптеуге бағытталды. Сонымен қатар, дене тәрбиесі мен спорттың бұқаралығын дамыту арқылы жастарды салауатты өмір салтына баулу көзделді.
Сайыс барысында қатысушылар ептілік, төзімділік, ұйымшылдық пен командалық рухтарын көрсете білді. Жарыс нәтижесінде үздік нәтиже көрсеткен командалар анықталды:
 I орын – ЕТ-9-15г оқу тобы
 II орын – ИНФ-9-15г оқу тобы
III орын – АҚ-9-35г оқу тобы
Жеңімпаз командаларды құттықтай отырып, барлық қатысушыларға елге адал қызмет ететін, рухы мықты, саналы азамат болып қалыптасуларына тілектеспіз.
Тәуелсіздігіміз мәңгі, Отан қорғаушыларымыз айбынды болсын!
Үйірме жетекшілері - Н.Тәжібаев, Ә.Нұрмағанбетов