• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 17.12.2025
  • 19

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Құрметті Отандастар!
Сіздерді халқымыздың ең қастерлі мерекесі – 16 желтоқсан Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Тәуелсіздік – ата-бабамыздың ғасырлар бойы аңсаған арманы, ұлт рухының асқақ көрінісі. Бұл күн – ел тарихындағы ең жауапты әрі ең қастерлі белес. Егемендік бізге еркіндікпен қатар бірлік пен жауапкершілікті, ел тағдырына деген ортақ аманатты жүктейді.
Бүгінгі Қазақстан – бірлігі бекем, болашағына сеніммен қадам басқан мемлекет. Әрбір азаматтың адал еңбегі елге деген жанашырлығы Тәуелсіздігіміздің тұғырын нығайта түсуде. Ұрпаққа үлгі болар татулық пен ынтымақ – біздің ең үлкен байлығымыз.
Тәуелсіздігіміз мәңгі, егемендігіміз еңселі болсын! Әр шаңырақта тыныштық, әр отбасында береке орнасын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш, болашағымыз жарқын болғай!
Тәуелсіздік күні құтты болсын!
Игі тілекпен, Халықаралық “ORDA” жоғары колледжінің директоры Досжанова Гүлжамила Сермағанбетқызы