• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 16.12.2025
  • 79

ЖЕЛТОҚСАН ЖАҢҒЫРЫҒЫ ЖӘНЕ ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ АҚ ТАҢЫ

Тәуелсіздік күні қарсаңында “Дене тәрбиесі және жалпы білімдік пәндер” бөлімі тарих пәні оқытушыларының жетекшілігімен колледж студенттеріне арналған патриоттық тәрбие сағаты ұйымдастырылды.
Тәрбие сағаты ҚР Мемлекеттік Әнұранымен басталып, Желтоқсан оқиғасы мен ел тәуелсіздігі жолындағы тарихи кезеңдерді қамтыған деректі фильмнің көрсетілімімен жалғасты.
Көрсетілімнен кейін білім алушылармен ашық пікір алмасу ұйымдастырылып, 1986 жылғы оқиғаның ел тағдырындағы орны мен оның бүгінгі тәуелсіз Қазақстан үшін маңызы талқыланды. Шараның келесі кезеңінде Wordwall платформасы арқылы тақырыпқа қатысты интерактивті сұрақтар ұсынылып, студенттердің белсенділігі арттырылды.
Патриоттық тәрбие сағаты жастардың тарихи жадысын жаңғыртып, азаматтық көзқарасын қалыптастыруға және елге деген құрметін нығайтуға ықпал етті.
Жауапты оқытушылары — Жусупова Б.М., Жунусова А.К., Байділдаева Д.Р.