БЕЙІМДЕУ ЖӘНЕ ДЕТОКСИКАЦИЯ ОРТАЛЫҒЫНА ТАНЫМДЫҚ САПАР
Колледж студенттері Қызылорда қалалық уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына арнайы барып, орталықтың күнделікті қызметімен және жұмыс бағыттарымен танысып қайтты.
Танымдық сапар барысында студенттерге орталықтың негізгі міндеттері, әлеуметтік көмек көрсету жүйесі, уақытша бейімдеу үдерісі, сондай-ақ қиын өмірлік жағдайға тап болған азаматтарға көрсетілетін психологиялық, әлеуметтік және медициналық қолдау түрлері туралы жан-жақты ақпарат берілді. Орталық мамандары детоксикация жұмысының маңызына, адамның қоғамға қайта бейімделуіндегі кешенді көмектің рөліне ерекше тоқталды.
Іс-шара студенттердің әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға, гуманистік құндылықтарды қалыптастыруға, болашақ маман ретінде кәсіби бағдарын кеңейтуге бағытталды. Сонымен қатар, студенттер орталық қызметкерлерімен пікір алмасып, өздерін қызықтырған сұрақтарына нақты жауап алды.
