КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІНІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР
Мемлекет басшысының 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Жолдауын іске асыру мақсатына сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің бастамасымен колледжде білім алушылардың қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған кешенді ақпараттық-оқыту жұмыстары ұйымдастырылды.
Аталған бастама аясында студенттердің қаржыны тиімді басқару, жеке бюджет қалыптастыру, жинақтау мәдениетін дамыту, сондай-ақ қаржылық қауіпсіздік пен саналы қаржылық шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінді. Осы бағытта әзірленген оқу бейне материалдары колледждің ресми әлеуметтік желі парақшаларында орналастырылып, білім алушылар арасында кеңінен таратылды.
Ақпараттық жұмыстардың нәтижесінде колледж студенттері толық қамтылып, ұсынылған бейне сабақтар арқылы қаржылық сауаттылықтың негізгі ұғымдарымен танысты. Бұл өз кезегінде студенттердің күнделікті өмірде қаржыны дұрыс жоспарлауына, жауапты қаржылық мінез-құлық қалыптастыруына және болашақта экономикалық тұрғыдан сауатты шешімдер қабылдауына оң әсерін тигізді.
Алдағы уақытта да Мемлекет басшысының Жолдауында айқындалған міндеттерді орындау аясында колледжде білім алушылардың қаржылық мәдениетін арттыруға бағытталған жұмыстар жүйелі түрде жалғасын табатын болады.
