АБАЙДЫҢ 180 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
13 қараша күні Халықаралық «ORDA» жоғары колледжінде ұлы ақын, ойшыл-философ Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған «АБАЙ МҰРАСЫ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЗАМАН: РУХАНИ МҰРАҒА ЖАҢА КӨЗҚАРАС» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Іс-шара Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институты мен Халықаралық «ORDA» жоғары колледжінің бірлесуімен ұйымдастырылды.
Конференцияда Абайдың рухани, мәдени және ғылыми мұрасын қазіргі кезең тұрғысынан зерделеу, оның ой-тұжырымдарын ұлттық руханият пен заманауи білім беру үрдісімен сабақтастыру мәселелері кеңінен талқыланды.
Жиын офлайн және ZOOM платформасы арқылы онлайн форматта жүргізіліп, Қазақстанның бірқатар жоғары оқу орындары мен колледждерінің студенттері және Түркия мен Қырғызстаннан келген жас зерттеушілер қатысуымен халықаралық деңгейде өтті.
Пленарлық және секциялық отырыстарда төмендегідей өзекті бағыттар қарастырылды:
Қатысушылар өз зерттеулерін ұсынып, Абай шығармаларының адам тәрбиесіндегі, қоғам дамуы мен ұлттық сана қалыптастырудағы маңызын жан-жақты талдады. Шетелдік студенттердің ғылыми ойлары, салыстырмалы зерттеулері мен жаңа көзқарастары ерекше назар аудартты.
Конференцияға түскен ғылыми мақалалар арнайы электронды жинақ (PDF) ретінде рәсімделіп, ресми сайтқа орналастырылатын болады. Барлық қатысушыларға және олардың ғылыми жетекшілеріне арнайы сертификаттар табысталмақ.
Бұл жиын Абай мұрасын халықаралық деңгейде насихаттауға, ғылыми байланыстарды кеңейтуге және түркі елдері жастары арасындағы ынтымақтастықты арттыруға ықпал еткен маңызды ғылыми алаңға айналды.
Ұйымдастырушылар: Сейтжанов А.С., Фазылова Г.М.,
Орынбасар Т.О.
