• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 13.11.2025
  • 25

ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҚҚА БАҒЫТТАЛҒАН КОМАНДАЛЫҚ САЙЫС

12 қараша күні «Адал азамат. Кәсіби маман. Абай ізімен»апталығы аясында арнайы пән оқытушыларының ұйымдастыруымен «Жастар және құқықтық жауапкершілік» тақырыбында колледж студенттері арасында командалық сайыс өткізілді. Іс-шара студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру, кәмелетке толмағандардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру, қоғамдық тәртіп пен имандылық құндылықтарын насихаттау мақсатында ұйымдастырылды. Сонымен қатар сайыс барысында студенттердің командалық жұмыс, шығармашылық және сыни ойлау қабілеттерін дамыту көзделді.
Байқау бес кезеңнен тұрды:
1 «Таныстыру» – командалардың өзін таныстыруы;
2 «Баптар сөйлейді» – видео-тапсырма орындау;
3 «Сен білесің бе?» – блиц-сұрақтарға жауап беру;
4 «Жағдаяттан шығу» – рөлдік ойын арқылы шешім табу;
5 «Адалдық – өмір айнасы» – қорытынды сөз.
Сайысқа «Әділетті ұрпақ», «Әділет лигасы», және «Қазақ жастары заң жолында» командалары қатысты. Командалар өзара бәсекеде жоғары дайындық пен ұйымшылдық танытты. Әр кезеңнің тапсырмалары Әкімшілік құқық бұзушылықтар кодексінің (ӘҚБтК) мазмұнына негізделіп, құқық бұзушылықтардың алдын алу мен құқықтық мәдениетті қалыптастыруға бағытталды.
Қорытынды нәтижелер бойынша:
І орын – «Әділетті ұрпақ»,
ІІ орын – «Әділет лигасы»,
ІІІ орын – «Қазақ жастары заң жолында» командалары иеленді.
Сонымен қатар жеке номинациялар бойынша «Ең үздік құқық қорғаушы», «Ең шығармашыл студент», және «Ең белсенді қатысушы» аталымдары табысталды.
Жауапты оқытушы: Кемелбеков М.Е.3